Кремль ашулы: Қытай Ресейді Кубадан ығыстырып жатыр!

Қытай билігі Кубаға инвестиция салып, Ресейді ығыстыруда. Ұзақ жылдар бойы санкция астында отырған Кубаның экономикалық жағдайы өте ауыр. Электр желілері тозған, көліктер ескірген, жанармай тапшы, өнеркәсіп кешендерін модернизациялау мүмкіндігі жоқ. Гавана қиын жағдайдан шығудың жолын ойластыруда.


ZERKALO.AZ Путин задумался о поездке на саммит G20 в Индии -

 

Екі жыл бұрын ресейлік Progress Agro компаниясы Кубадағы ірі қант зауытын модернизациялайтынын айтты. Зауытқа қажетті құрылғылар жеткізілуі тиіс еді. Алайда Ресей әлі күнге дейін зауытты модернизациялауды бастаған жоқ.

 

Ал осы сәтте Қытай Кубада бірнеше маңызды жобаларды іске асыруда. Гавана маңында қуаттылығы 21 МВт болатын күн электрстанциясының құрылысын бастады. Бейжің Кубада 55 жобаны жүзеге асыруда және Ресейді ығыстыру үстінде. Бұл туралы Reuters басылымы жазды.

 

Басылымның жазуынша Қытай Кубаның басты экономикалық серіктесі саналатын Ресейді іспен үнсіз ғана ығыстыруда. Кубаға қажетті жанармай, қант, электр энергиясы, таза су, дәрі-дәрмекті өндіретін кешендерді Бейжің белсенді түрде қаржыландыруда. Украина майданындағы ұйыққа батқан Ресей геоэкономикалық жобаларын жалғастыруға қабілетті емес дейді мамандар.

 

АҚШ сарапшысы Уильям ЛеоГранде «Ресейдің уәделері әдемі болса да, шынайы ісі аз, ал Қытайдың әрекеті басым» дейді.

 

Куба үшін басты мәселе электр жарығы болып қалуда. Гавана және өзге де қалалар бірнеше жыл қатарынан электр энергиясының тапшылығын сезінуде. Электр жарығы жиі өшеді, желілер тозған. Қытай бұл мәселені шешуге көмектеспек. 21-ақпанда Гавана маңында күн электрстанциясы ашылды. Ашылу салтанатына Қытайдың Кубадағы елшісі Хуа Синь мен Кубаның президенті Мигель Диас-Канель қатысты.

 

Кубалық UNE электр желілері операторының айтуынша 2025 жылы Қытай тағы 8 электрстанциясын іске қосқан. Бұл қосымша 400 МВт деген сөз және Кубадағы күндізгі электр тапшылығының үштен бір бөлігін жаба алады. Жыл соңына дейін Қытай Кубадағы электр станцияларының санын арттырып, оны 1100 МВт-қа жеткізбек. Бұл күндізгі дефицитті жабуға сеп болмақ. Аталған жоспар іске асса, Куба жанармайды үнемдеуге мүмкіндік алады.

 

Жалпы жиынтығы Қытай 2025 жылы Кубада ірілі-ұсақты 55 станция салмақ, ал 2028 жылға дейін қосымша 37 станциия салуды ойластыруда. Бейжің Кубадағы тозығы жеткен электр желілерін жаңартуды да бастамақ.

 

Қытай Кубаның Мариэль портына күн электрстанциясына қажетті панельдерді жеткізуде. Сонымен бірге Кубада қытайлық жүк көліктерінің саны артты және тозған автокөлік паркін жаңартуға мүмкіндік ашылды.

 

2023 жылы Ресей Кубада үлкен жобаларды бастайтынын айтты. Ресейдің вице-премьері Дмитрий Чернышенко Кубаға келіп, металлургия зауытын модернизациялағанын айтты және 8 келісімге қол қойды. Кубада «Русмаркет» дүкендер желісі ашылатынын айтты, Гаванада жаңа ғимараттар салатынын мәлімдеді. Жоспар бойынша металлургиялық зауыт 2024 жылы 62 мың тонна өнім шығаруы тиіс болатын, дей-тұра 4200 тонна ғана өнім шығарды. Куба тарапы зауыттың аптасына бір мәрте ғана жұмыс істейтінін жеткізді.

 

Ресей Тарара ауданындағы жағажайды сәндеу жұмыстарын іске асыратынын айтқан болатын. Алайда жұмыс әлі басталған жоқ. Ресей Кубаға кемелермен тек мұнай және астық жіберуде.

 

Сарапшылар Қытайдың Ресейді Кубадан ығыстырып жатқаны айқын дейді. Бұл туризм, экономика, саясат, тіпті әскери салада да байқалады.

 

«Мәскеу Бейжіңнің әрекетіне көз жұма қарауға мәжбүр. Себебі Кремль Қытайдың қаржысына тәуелді күйге түсті. Мұнайы мен газын Қытай сатып алуда. Қытай Ресейді тек қана Кубада емес, өзге аймақтарда да ығыстыруда. Ресей билігі барлығын жақсы біледі. Көріп отыр. Алайда үндемейді, тек іштей ашуға булығады», - дейді сарапшы Уильям ЛеоГранде.


Mezgil.kz



Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер

    Пікір жазылмаған

    Ұқсас тақырыптар