Құбырдан обырға: Суджаны алған ресейлік сарбаздар айықпас дертке шалдығуда

Ресей әскері Курск облысындағы Суджа қаласын наурыз айында өз бақылауына алды. Операция ресми түрде «Поток» деп аталды, ал бейресми «Құбыр» деген атауға ие болды. Өйткені Суджа қаласына ресейлік арнайы жасақтың бір бөлігі газ құбыры арқылы кірді.


Первый канал покажет фильм «Суджа. Железный поток» о сверхсекретной  подземной операции. Новости. Первый канал

(Сурет 1tv.ru сайтынан алынды)

 

«Құбыр» операциясы сарбаздардың денсаулығына кері әсер етті дейді ресейлік пропагандист Анастасия Кашеварова. Ол өзінің телеграм арнасында үлкен жазба жариялап, әскери операцияға қатысқандардың денсаулығы тым нашар екенін айтты.

 

«8-наурыз күні Курск облысын азат ету операциясы басталды. Операцияның бір бөлігі Суджаны алуға бағытталды. Арнайы жасақ өкілдері газ құбыры арқылы 15 шақырым, 750 метр жүріп өтті. Олар құбырда 6 күн болды. Оның ішінде не болғанын елестетудің өзі қорқынышты. Кейбірі сол құбырда көз жұмды. Ауа жетпей, тұншықты. Барлығы дерлік улы ауаны жұтты. Алайда олар бұйрықты орындап, Суджаға күтпеген жерден соққы жасады.

 

Енді олардың көбі өкпе дертіне шалдықты. Улы ауа денсаулықтарын нашарлатты. Көбі демікпеге ұшыраған. Ал кейбірі бронхит болған. Өкпенің қатерлі ісігіне ұшырағандары да бар. Бірақ оларға тиісті өтемақы берілмеуде, Өйткені, олар ұрыс жағдайында көз жұмған жоқ дейді. Сонда қалай? Бұл нағыз әділетсіздік қой. Кейбіреуіне ғана итке сүйек лақтырғандай 100 мың рубль беріпті. Масқара», - дейді Анастасия Кашеварова.

 

Ол «Құбыр» операциясына қатысып, денсаулығын құртқан сарбаздарды бірде-бір мекеме ресми тіркеуге алмағанын айтып, шағымдануда. «Өкпе обырынан көз жұмған сарбаздарға ұрыс жағдайында көз жұмды деген өтемақы бермейді, себебі тіркемеген» дейді пропагандист.

 

Бұған дейін «Ахмат» жасағының қолбасшысы Апти Алаудинов та Суджа операциясына қатысқан сарбаздар арасында тыныс алу аурулары артқанын айтқан болатын.

 

«Құбыр» операциясына нақты қанша ресейліктің қатысқаны белгісіз. RTVI арнасы 800 сарбаз десе, Валерий Герасимов 600 деген санды айтты. Ал Украина тарапы 100-300 деген сандарды келтіруде.


Mezgil.kz

 



Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер
    Пікірлер тізіміне енуде...

    Ұқсас тақырыптар