Жойқын соққы немесе сөзбен айыптау: Тегеран АҚШ-тың шабуылына қалай жауап қатпақ?

22-маусымда АҚШ Иран аумағына тікелей соққы жасады. Президент Дональд Трамп Иранның ядролық бағдарламасын түбегейлі тоқтату қадамдарын жасағанын айтты. Вице-президент Вэнс «АҚШ Иранмен соғыспайды, Иранның ядролық бағдарламасымен соғысады» деп мәлімдеді. Иран билігі АҚШ-тың шабуылын халықаралық құқықты бұзу ретінде танып, «Вашингтон байлаулы қолымызды босатты» деді.


Иран – США: Контуры грядущей войны

 

Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи: «Өткен аптада біз АҚШ-пен келіссөз жүргіздік, ал Израиль өз әрекетімен сол «дипломатиялық алаңды» жарып жіберді. Осы аптада біз Еуропа елдерімен келіссөз жүргіздік, АҚШ өз әрекетімен бұл «дипломатияны» да жарып жіберу шешімін қабылдады. Ұлыбритания мен ЕО бізге «Иран келіссөзге қайтып оралуы тиіс» дейді. Алайда біз келіссөзден кеткен емеспіз. Біз бірінші шабуыл жасап, дипломатияны үзген емеспіз. Бұл қақтығысты бірінші біз бастаған жоқпыз», - дейді. 23-маусым күні Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Ресейде президент Владимир Путинмен кездесетін болады.

 

Қазіргі сәтте сарапшылар «Иранның АҚШ-қа жауабы қандай болмақ» деген сұрақ аясында қызу пікір алмасуда. ВВС арнасына пікір білдірген әскери корреспондент Фрэнк Гарднер Иранның жауап нұсқалары жайлы айтты.


США ударили по ядерным объектам Ирана

 

ҚАТАҢ ЖАУАП

 

Иранда соғысқа дейін 3 мыңға жуық түрлі типтегі зымыран болды. Израиль тарапы Иранның 10 күннің ішінде 550 зымыран атқанын айтты. Израиль Иранның зымыран ату қондырғылары мен қоймаларын атқылауда. Сарапшылар көптеген зымыран үйінді астында қалып, жарамсыз күйге түскенін жазуда. Алайда соған қарамастан Иранда әлі де 800-1000 зымыран болуы мүмкін дейді мамандар.

 

Иран аталған зымырандарды АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери базалары мен нысандарына атуы мүмкін. Бахрейнде орналасқан Мина-Салман қалашығының портында АҚШ-тың Таяу Шығыстағы флотының штаб пәтері орналасқан. Сирия мен Иракта да АҚШ-тың әскери базалары бар. 2020 жылы Касем Сүлейманидің өлімінен кейін Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына соққы жасады. Ол сәтте Тегеран соққы жасайтынын ескертсе, бұл жолы ескертусіз соққы жасауы мүмкін дейді Гарднер.

 

Иран Йемендегі хуситтермен бірлесе отырып АҚШ-тың аймақтағы әскери кемелеріне соққы жасауы ықтимал. Ол үшін жылдам қозғалатын қайықтар мен дрондарды және кіші зымырандарды қолдануы бек мүмкін.

 

Тегеран АҚШ-тың активтері мен мемлекеттік құрылымдарына кибершабуыл ұйымдастырып, экономикалық тұрғыдан қиындықтар туындатуға тырысады. Экономикалық тұрғыдан Ормуз бұғазын бұғаттау да әлемдегі мұнай бағасын шарықтатып, жағдайды тым күрделендіріп жіберуі мүмкін.

 

Иран түрлі проксилер арқылы АҚШ-тың Таяу Шығыстағы базаларына соққы жасап, хаосты арттыруға тырыспақ. Сонымен бірге Тегеран АҚШ аумағында және Еуропада бірнеше жарылыс ұйымдастыруға ұмтылуы мүмкін. Сарапшылар аталған нұсқалардың барлығы дерлік АҚШ-ты Иранға қарымта соққы жасауға мәжбүрлейтінін айтуда. 


Насколько эффективной была атака США на ядерные объекты Ирана и чем ответит  Тегеран - Российская газета

 

КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛҒАН ЖАУАП

 

Гарднердің ойынша Иран АҚШ-қа бірден соққы жасамай, жағдайдың тұрақталуын күтуі мүмкін. Иран АҚШ-қа соққы жасау үшін тыңғылықты дайындалуы шарт, оған біршама уақыт қажет дейді сарапшы. Иран соққы нұсқаларын қарастырып, барлау ақпаратын алып, сараптауы қажет. Яғни, соққы қазір емес, кейін жасалуы ықтимал.


Мир или трагедия": атака США на ядерные объекты в Иране | SBS Russian

 

МҮЛДЕ ЖАУАП БЕРМЕУ

 

Сарапшының ойынша Иран мүлде жауап бермеуі де мүмкін. Тегеран барынша төзімділік танытып, АҚШ-тың соққысын тек саяси алаңда айыптап, әскери тұрғыдан жауап соққы жасамау нұсқасын таңдауы да ғажап емес. Иран билігі АҚШ-пен ядролық бағдарлама бойынша келіссөз жүргізіп, мәселені дипломатиялық тұрғыдан шешуге ұмтылады. Алайда бұл Иран режимінің имиджіне орасан соққы болмақ дейді Гарднер. Келіссөз барысында АҚШ пен Израиль Ираннан уранды мүлде байытпауды, зымыран бағдарламасын толық тоқтатуды талап етуі мүмкін.

 

Сарапшылар Иранның әзірге қалай жауап беретіні белгісіз екенін айтуда. Алайда Иранның әскери жауабына АҚШ екі есе жойқын соққымен жауап қатуы мүмкін.


Mezgil.kz



Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер
    Пікірлер тізіміне енуде...

    Ұқсас тақырыптар