Әуедегі тұзақ: Ресейлік Су-35 ұшағын F-16 қалай атып құлатты?

Bild басылымы әуедегі ұрыста Украинаның F-16 ұшағы ресейлік Су-35 ұшағын атып түсіргені туралы жазды. Оқиға өткен аптада, Украинаның Сум облысының әуе кеңістігінде болған. Ресейлік ақпарат көздері Су-35 ұшағының Курск аймағында апатқа ұшырағаны туралы жазды, алайда оқиғаның мән-жайын толық сипаттамады.


f16_su35-4zpl1.jpg.jpg

 

Өткен аптада Сум облысына кірген Ресей әскерін бомбалау мақсатында Украина бірнеше ұшақты пайдаланған. Ресей тарапы украин ұшақтарын құлату үшін әуеге модернизацияланған Су-35 ұшағын көтерген. Көп ұзамай ұшақтар арасында ұрыс басталған.

 

Bild басылымының жазуынша ресейлік ұшақ «әуе тұзағына» түсіп қалған. Швецияның Saab 340 AEW&C алыс қашықтыққа барлау жүргізу ұшағы 250-300 шақырымнан ресейлік Су-35 ұшағының ұшып шыққанын анықтап, Украинаның F-16 ұшағына тиісті координатаны берген.

 

Украина ұшқышы F-16 ұшағынан AIM-120 зымыранын жіберіп, ресейлік ұшақты Курск облысының әуе кеңістігінде атып түсірген. Ұшақ Коренево қаласының маңындағы алаңға құлаған. Ұшқыш аман қалды.

 

Әуе ұрыстарын зерттейтін сарапшы Марк Брукс былай дейді: «Мәселе тек қана F-16 ұшағында емес. Бұл ұрыста Швецияның AWACS жүйесі нағыз көшбасшы екенін аңғартты. Ол ресейлік ұшақты жүздеген шақырымнан анықтап, F-16 ұшағына ақпарат беріп отырды. Ресейлік ұшақ тіпті шабуылға ұшырайтынын сезген де жоқ», - дейді.

 

Ал Air Power ұшақтарды зерттеу арнасы өзінің X парақшасында былай деп жазды. «Егер бұл ақпарат расталса, демек нағыз тарихи оқиға болды деген сөз. Неге? Себебі Ресейлік жаңа ұшақты ескірген F-16AM атып түсірді», - дейді.


Mezgil.kz

 

 



Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер
    Пікірлер тізіміне енуде...

    Ұқсас тақырыптар