Қатаң үкім: Шерзатты өлтіргендер ұзақ жылға сотталды!

Талдықорғанда «Шерзат Полаттың» ісіне нүкте қойылды. Сот айыпталушыларға қатаң үкім шығарды. Сотталушылардың алды 23 жылға бас бостандығынан айырылды.


 67f79dad49e61484648287.jpeg

(Сурет ulysmedia.kz сайтынан алынды)


Сот келесідей үкім етті:

 

Абзал Шынасыл - 23 жылға бас бостандығынан айыру;

Равиль Сакиев - 20 жылға бас бостандығынан айыру;

Азамат Тоқтаубаев - 15 жылға бас бостандығынан айыру;

Нұрқияс Ілиясов - 9 жылға бас бостандығынан айыру;

Шыңғыс Белғожаев - 7 жылға бас бостандығынан айыру;

Нұрбол Тоқтаубаев - 7 жылға бас бостандығынан айыру;

Дархан Әскентай - 7 жылға бас бостандығынан айыру;

Дидар Қалиахмет - 7 жылға бас бостандығынан айыру;

Думан Ысқақ - 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

 

Бұдан бөлек, сотпен куәлар Д.А.Жақсыгелді, Э.К.Нурбекова, А.М.Казакенов, Ю.Д.Рузбакиевтің әрекеттерінде болуы мүмкін қылмыс құрамына прокурордың назарын аудару туралы жекеше қаулы шығарылды.

 

Сот ісі 3 айға жуық онлайн режимде өтті. Сот процесстері Жоғарғы Соттың YouTube-арнасында көрсетілді. Сот БАҚ пен қоғамға ашық форматты ұйымдастырылды.

 

Істі жан-жақты тергеп-тексеру аясында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, шамамен 200 куәгерден жауап алынғанын, барлық күдіктілердің оқиға орнында жауаптары тексеріліп, беттестірулер мен өзге де тергеу әрекеттері жүзеге асырылғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар, қылмысқа қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға бере отырып, 8 бейнематериал зерттелді. Қылмыстық істің жалпы көлемі 62 томды құрады.



Mezgil.kz



Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер
    Пікірлер тізіміне енуде...

    Ұқсас тақырыптар