Демократтар дабыл қағуда: Қате шешім! АҚШ кетіп, Қытай келді!

Трамп әкімшілігі USAID (АҚШ-тың қолдауы бойынша ашылған Халықаралық даму агенттігі) жұмысын тоқтатуда. USAID-тың жылдық бюджеті 45 млрд доллардан асады. 1961 жылдан бері белсенді жұмыс атқарды. Мақсаты өзге елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу деп көрсетілді. Әлеуметтік жобаларға жыл өткен сайын өзге тармақтар қосыла бастады. Білім, ғылым, денсаулық сақтау, мәдени жобалар, адам құқығы және басқа. Қазір 100-ден астам елде жұмыс істейді. Ұзақ және қысқа мерзімді гранттар береді, оқыту курстарын ұйымдастырады.


Школьники из США в письме спросили Си Цзиньпина о работе. Он ответил:  «Утомительно, но радостно»

 

Трамп билігі аталған агенттіктің жұмысын қайта қарау керектігін айтты және USAID-тың жұмысын тоқтатты. Президент Трамптың ұсынысын әлемге әйгілі кәсіпкер Илон Маск қолдады. Маск: «USAID – бұл қылмыстық ұйым. Оның өлетін уақыты келді. USAID - Американы жек көретін ордалы жылан іспеттес солшыл марксистердің ұясы», - деп агенттікті қатаң сынға алды.

 

Рolitico басылымы USAID ұйымының жұмысы тоқтаған аймаққа Қытайдың қызығушылығы артқанын жазды. Бейжің түрлі ұйымдар арқылы әлем елдеріндегі белсенділігін арттыруға ниетті.

 

Джо Байден тұсында USAID-тың Қытай бағыты бойынша басшылық еткен Франциско Бенкосме былай дейді: «Қытай қазірдің өзінде біздің серіктестерге ұсыныс айтуда. Олар аз ғана уақыттың ішінде Камбоджа мен Непалға ұсыныстар айтқан. Бейжің бос кеңістікті толтырып үлгергісі келеді».

 

Хадсон институтының сарапшысы Майкл Соболик USAID-тың түрлі гранттарының ішінде дамушы елдерге қаржылай көмек көрсету және инфрақұрылым салу жобасы болғанын айтты. Бұл жобаларға Африка мен оңтүстік-шығыс Азия елдері мұқтаж еді. Ендігі таңда АҚШ аталған бағыттардың жұмысын тоқтатуда. Сарапшы бос кеңістікті ақпараттық негізде Xinhua медиасы мен Бейжіңнің гуманитарлық жобалары жаулап аларына сенімді.

 

Өкілдер Палатасындағы Қытай ісі бойынша комитеттің демократ өкілдері Трамп әкімшілігіне USAID-тың қажеттілігін түсіндіру үшін арнайы стратегия дайындағанын айтты. «Бұл ең алдымен Қытаймен бәсекелестік үшін қажет» дейді олар. Стратегияның бір бөлігі Рolitico басылымы жариялаған мақалада көрсетілді.

 

«Қытайдың коммунистік партиясы және онымен байланысты ұйымдар ішкі және сыртқы жобаларға соңғы 20 жылда 1 трлн долларға жуық қаржы бөлді. Бұл АҚШ үкіметі жұмсайтын қаржыдан әлдеқайда көп. USAID аз ғана қаржымен Қытайдың қыруар қаржы жұмсайтын жобаларына тиімді әрі нәтижелі бәсекелес болды», - дейді құжатта.

 

Непалдың Annapurna Express басылымының жазуынша Бейжің Непал билігіне бейресми ұсыныс жасап, USAID-тың жобалары тоқтайтын болса Қытайдың көмектесе алатынын айтқан. Дәл осындай ақпаратты Кук аралдарының басылымдары да жазды.

 

Reuters ақпараттық агенттігінің мәліметінше Трамп әкімшілігі USAID-тың барлық жобасын 90 күнге тоқтатып, 10 мың қызметкердің 300-ін ғана жұмыста қалдырған. Сарапшылар АҚШ билігі USAID-қа реформа жасап, жұмысын қайта жандандырмаса немесе орнына балама жоба ұсынбаса, онда әлемде ондаған, тіпті жүздеген елде Қытайдың ықпалы ақырындап артатынын болжауда.


Mezgil.kz





Ұқсас тақырыптар