Ресейден жүздеген мүрде жеткізілді: Өзбекстан азаматтары жат жерде ажал құшуда

Cоңғы ақпарат бойынша Ресейде Өзбекстанның 1,3 млн еңбек мигранты жұмыс істейді. 2024 жылы Ресейден Өзбекстанға 474 мигранттың денесі жеткізілген. Бұл туралы "Азаттық радиосы" Миграция агенттігіне сілтеме жасап, хабарлады. Жалпы ресми дерек бойынша 2024 жылы Өзбекстанға 483 азаматтың мүрдесі жеткізілген. Оның ішінде Өзбекстанның Түркиядан 5, Қазақстаннан 2 және Оңтүстік Кореядан 2 азаматының мүрдесі жеткізілді.


Груз 200 в Минске - перевозка тел умерших | Самолет, поезд, авто

 

Жат жерде көз жұмған азаматтардың денесін елге әкелу шығынын мемлекеттік бюджет көтеріп алған. Жеткізілетін мемлекеттің қашықтығына және құжаттарды рәсімдеудің оңай-қиындығына байланысты шығын көлемі әртүрлі болады. Ресейден әкелу құны 1000 доллар болса, Оңтүстік Корея мен Жапониядан жеткізу құны 8-10 мың доллар болуы мүмкін.

 

Ресми ақпарат көздері 2024 жылы Өзбекстанның жат жерде қиындыққа тап болып, көмек сұраған 775 азаматы елге қайтарылған. Олардың 182-сі ауыр жарақат алғандар.

 

Өзбекстан азаматтарының жат жерде көз жұмуының негізгі себептері жұмыс барысында қауіпсіздікті сақтамауынан дейді мамандар. Соңғы 4 жылда Ресейге жұмыс іздеп барып, көз жұмған өзбекстандықтар саны 2 есеге артқан. Мысалы 2020 жылы Ресейде көз жұмған өзбекстандық мигранттар саны 211 адам болса, 2024 жылы ол көрсеткіш 474 адамға жетті.

 

Өзбекстан мигранттары Ресейде құрылыс жұмыстарында көп жарақат алады. Сонымен бірге этникалық сипат бойынша ұрып-соғуға көп ұшырайды дейді сарапшылар. Жол ережесін сақтамау және улы газға тұншығып қалу да мигранттардың көз жұмуына себепкер болуда. Ал соңғы үш жылда Ресей тарапынан еңбек мигранттарын соғысқа үгіттеу көріністері байқалады. Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтарының Ресейге жұмыс іздеп барып, ұрыс даласына тап болған жайттары аз емес.

 

2019 жылы мыңдаған азаматтың өтінішінен кейін Өзбекстан билігі өзге елде көз жұмған азаматтарды елге әкелу құнын төлейтінін айтты. Өзбекстан азаматтарының Ресейге баруы соңғы 10 жылда 6 есеге азайған. Бұл қауіпсіздікпен және еңбек ақысының төмен болуымен байланысты. Ресейдің Украинаға соғыс ашуынан кейін Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары басқа елдерге бағыт алуда. Оның ішінде Оңтүстік Корея, Шығыс Еуропа, Қазақстан және Түркия бар.


Mezgil.kz

 

 

 



Ұқсас тақырыптар