Кеше Швейцарияның Давосында әлем басшылары бас қосқан алқа-қотан жиын өтті. Аталған жиынға Украина президенті Владимир Зеленский де қатысып, Украинадағы соғыс тақырыбына қатысты бырқатар маңызды мәлімдемелер жасады. Біз бүгін Зеленский мәлімдемелеріне ықшамды шолу ұсынамыз.

(Сурет: report.az сайтынан алынды)
Әлгінде ғана қызметіне кіріскен АҚШ президенті Доналд Трамп Украинадағы соғысды тоқтатып, тараптарды келіссөз үстеліне отырғызуға барын салатынын айтып-ақ келеді. Давос форумы алаңында түрлі кездесулер өткізіп жатқан Украина президенті Зеленский Ресей мен Украина арасында Түркияда өткен келіссөздерге тоқталып, Ресей билігінің Украинаға қойған талаптарын айтыпты.
ЗЕЛЕНСКИЙ: РЕСЕЙ УКРАИНАҒА ҚАНДАЙ ТАЛАПТАР ҚОЙДЫ?
Зеленский:
«Олар бізге бірнеше талап қойды. Солардың бірнешеуі: Менің президенттіктен кетуімді талап етті. Олар мені алып тастап, президенттікке Медвечукті қойғысы келді. Маған: «Енді президент емессің», - деді.
Онан соң құжат бойынша да, Халықаралық шеңберде де Донбассты Ресей жері деп мойындауды талап етті. Киевтің орыс тіліне қатысты саясатын өзгертуді талап етті. Конституцияға өзгеріс енгізіп, мемлекеттің бейтарап статусын бекітуді талап етті. Әскер санын 50 мыңға дейін азайту, 20 шақырымнан арыға соққы жасайтын барлық қаруды жоюды немесе оларды Мәскеуге беруді талап етті.
Бұл келіссөз емес! Бұл – қанышердің ультиматумы! Егер Украина бұларды орындаса, Украина деген ел түбімен жойылар еді!», - деді.
УКРАИНАҒА БАТЫСТЫҢ 200 МЫҢ БІТІМГЕР ӘСКЕРІ КЕРЕК!
Әрі қарай Давос форумында президент Зеленский айтқан мәлімдемелердің бірсыпырасы төмендегідей болды:
Курскі операциясы туралы:
- Курск бағытында КХДР-ның 12 000 сарбазының 4 мыңы қаза тапты.
- Біз әлі Курск облысындамыз. Ресейдің бізді ығыстыруға күші жетпеді, дәл осы бағытта бүгінде 60 мыңнан астам ресейлік әскери қызметші бар.
Еуроинтеграция және әскери әріптестік туралы:
- Біз АҚШ-қа қарасақ, олар біздің таптырмас одақтасымыз екені белгілі. Бірақ Вашингтон Еуропаның оларға шынымен маңызды дүние әкелетініне сенбейді. Еуропа күшті жаһандық ойыншыға айналуы керек!
- Ресей 1,5 миллион әскерін орналастыра алады. Біздің Қарулы күштерімізде 800 мыңнан астам адам бар. Бұл бір ел өзін өзі жалғыз қорғайтын жағдай емес. Бізге бәріміз жиналу, күш біріктіру керек!
- Еуропаға «Темір күмбездің» өзіндік нұсқасы қажет! Бізге Әуе шабуылына қарсы ортақ қорғаныс жүйесін жасау керек. Ол қанатты және баллистикалық зымырандардың барлық түрлерімен күресуге қабілетті болуы керек!
- Соғыстан кейін Батыс елдерінен Украина қауіпсіздігіне кепіл болатын 200 мың бітімгер әскер керек!
Ресей агрессиясы туралы:
- Украина Ресей аргрессиясына қарсы қорғанысты ұстап тұру үшін миллиондық армия қажет. Украина қаіпсіздік бойынша қандай да бір альянсқа қосылмайынша, бұл солай болып қала береді!
- Егер Трамптың АҚШ территориясын кеңтпек ойы болса, соны неге Ресей есебінен жасамасқа?!
- Путин келіссөздерде Украина әскерін кем дегенде 5 есеге азайтуды талап етеді. Біз бұған жол бере алмаймыз!
Трамп туралы:
- Трамп Ресейге қарсы жойқын санкциялар сала алады. Ол мұны қалай жасау керектігін де жақсы біледі. Ол кәсіпкер. Ол мұны жақсы түсінеді. Энергоресурстарға бағаны максималды түрде төмендету керек. ол мұны өзі де жасауы керек. әрі қарай, Путинге талап қоюы керек. «Егер соғысты тоқтатпасаң, біз Украинаға сұраған қаруының барлығын береміз», - деуі керек. ярине, ядролық қарудан басқа қарудың барлығын!
Әзірге Давоста айтылған әңгімелердің бірсыпырасы осы...
Mezgil.kz