Бейбітшіліктің бірнеше шарты: Путиннің қалауы - 9 мамырға дейін Украинаны жеңу!

Қазір әлем жұрты АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Доналд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин арасындағы жоспарлы кездесудің һәм келіссөздің жай-жапсарын талқылауда.

1736760061710114.jpeg

(Коллаж: tsn.ua)

ТРАМП ПЕН ПУТИННІҢ КЕЗДЕСУІ: АҚ ҮЙ НЕ ДЕЙДІ?

Президент Трамп осыған дейін: «Путин менімен жолығуға асығып отыр. Біз соғысты тоқтату бойынша келісім таба аламыз деп ойлаймын. Бірақ бұл кездесу мен ресми түрде қызметке кіріспей тұрып, мүмкін емес», - деген болатын.

Ақ Үйдің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі болашақ кеңесшісі Майк Уолс: «Трамп пен Путиннің кездесуіне дайындық қазірден жүріп жатыр. Жақын күндері Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесуі мүмкін. Трамптың позициясы былай: Президент Трамптың көзқарасы бойынша, егер сіз басқа тараппен қарым-қатынасыңыз немесе диалогыңыз болмаса, мәміле жасай алмайсыз. Біз сол диалогты жақын арада орнатамыз», - дейді.

Ал кеше Швейцария Сыртқы істер министрлігі Трамп, Путин мен Зеленский арасындағы келіссөздер үшін алаң ұсынатынын айтқан.

ПУТИННІҢ ЫМЫРАЛАСУ ШАРТЫ: МӘСКЕУ НЕ ДЕЙДІ?

Жуырда белгілі болгарлық журналист, «Spiegel» және «The Insider» журналдарының жетекші зертеушісі Христо Грозев Мәскеу соғысты тоқтату бойынша Трампқа қарсы шарт дайындап жатқанын айтты.

«АҚШ өзінің әскери базалары мен бөлімшелерін Шығыс Еуропа елдерінен шығарып, Ресейге қарсы экономикалық санкцияларды ішінара алып тастаған жағдайда, Путиннің төңірегіндегілер Путинді Украинаның НАТО-ға кіруіне көндірді», - дейді.

Христо Грозев: «Кремльдің бұл шарты Трампқа оңтайлы болуы мүмкін, ол Польша мен Чехияның қолайына жағама ол жағы да белгісіз. Қалай болғанда да, президент Путин бұл шешімді ресейлік олигархтардың қысымымен қабылдады және Мәскеу осылайша ұзақ мерзімді санкциялардан құтылуға үміттенеді», - дейді.

Саарбрюккен және Дюссельдорф университеттеріндегі саясаттанушы Александр Фридман: «Америкалық әскерлерді Шығыс Еуропадан шығару нұсқасы тым күрделі. Кәрі құрлықтың осы бөлігінде америкалық әскерлер тек Польша мен Чехияда ғана орналасқан, олар өз жерінде америкалық әскердің орналасуын өз қауіпсіздігінің кепілі деп санайды. Америкалық әскерилер сондай-ақ, ГФР, Италия, Ұлыбритания, Испания және Бельгияда ірге тепкен. Шын мәнінде, Путин өзінің НАТО-ның альянстың құрамына Шығыс Еуропаның бұрынғы социалистік елдері, сондай-ақ Балтық республикалары кіргенге дейінгі 1997 жылғы шекараға қайта оралуы туралы ультиматумын қайталайды», - дейді.

Мұнда ескере кететін бір жайт: Біріншіден – Вашингтонның бұл қадамын оның НАТО бойынша еуропалық одақтастары еш қабылдамайды. Екіншіден – мұндай мәмілені имплементациялау альянс ішіндегі қарама-қайшылықтарды тудырады да, бұл қадам айналып келгенде Солтүстік Атлант блогының ыдырауына әкеліп соғуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда: АҚШ пен оның одақтастары Путиннің шарттарын қабылдай алмайды!

МӘСКЕУДІҢ ШАРТЫНА АҚШ ТА, ЕУРОПА ДА КӨНБЕЙДІ!

Сарапшылардың пікірінше: «Егер Трамп нақты компромисстік ұсыныс жасаса, онда Трамптың Мәскеуге санкцияларды күшейту және Украинаға жаңа қару-жарақ жеткізу сияқты қысым көрсету тетіктері бар екенін айтпағанда, Қытай мен басқа да серіктестердің қысымымен Путинге бітімгершіліктен бас тарту өте қиын болады», - дейді.

Саясаттанушы Александр Фридман: «Трамп НАТО-ны іштей ірітетін қадамдардан қашуға тырысады. Ең алдымен Христо Грозев сипаттаған «ымыраға келу» АҚШ-тың Еуропадағы рөлін айтарлықтай әлсіретеді. Польша, Чехия, Балтық елдері және НАТО-ның басқа да шығыс еуропалық мүшелері олардың қауіпсіздігін нашарлататын келісімге үзілді-кесілді қарсы болады. Ал құрлықта америкалық әскерилердің болуы – бұл осы елдердің қауіпсіздігінің нақты кепілі болып саналады. Әсіресе, Польша АҚШ-тың қолдауынан үміттенеді. Варшава тіпті өз аумағында АҚШ-тың ядролық қаруы орналасқанын да шын бейілімен қалайды», - дейді.

УКРАИНАДАҒЫ СОҒЫС: ПУТИНГЕ 9 МАМЫРҒА «ЖЕҢІС» КЕРЕК!

Батыстық БАҚ: «Путин фашистік Германияны жеңгенінің 80 жылдығын лайықты атап өту үшін бұл соғысты 9 мамырға дейін аяқтағысы келеді. Путиннің тарихи символизмге деген ұмтылысын бағалауда абайлау керек! Оның мақсаты - бұл майдандағы есепсіз шығындарды Украинаны жеңумен ақтау. Ал мұндай жағдай бейбіт келісімге қол қою оған еш қажет те емес. Кремль Украинаға басып кіргенге дейін айтқан мақсаттарына әлі жете алмады. Бірақ, Украинаның бір бөлігін бақылауға алды.

Қазір Путин майдандағы жағдайдың өзі үшін жаман емес екенін көріп отыр. Оның соғысты жалғастыру үшін ресурстары бар. Ал егер Батыс Украинаны қолдауды қысқартса, онда Ресейдің жағдайы айтарлықтай жақсарады, бұл Путинге алға қойған мақсатына толықтай қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бірақ, Путин Ресейге тек ұжымдық Батыс тарапынан ғана емес, сондай-ақ бұл соғыстың аяқталып, әлемдік саудаға тиіп жатқан зиянның тоқтағанын қалайтын  Үндістан, Қытай және Бразилия сияқты Кремльдің «серіктестері» тарапынан да қысым арта түсетінін түсінбейді», - деп жазады.

АҚШ БАҚ-тары: «Ресей теориялық тұрғыдан татуласуға дайын. Ал Ресей қоғамында осы соғыстан белгілі бір шаршау байқалады. Соғысты тоқтатып, татуласуға Ресейде бүгін негізі бен мүмкіндік бар. Бірақ, Путин үшін – Украинамен татуласу – стратегиялық  жеңілісті білдіреді.

Кремль өз халқына не айқтысы келсе, соны айтуы мүмкін. Бірақ, Ресейдің саяси және әскери басшылығы бұл соғыста алға қойған мақсаттарына қол жеткізе алмағанынын, жарты жолға тоқтағанын түсінеді. Ресей ұрыс даласында орасан зор шығынға ұшырап, адам қаны судай ақса да, жүздеген мың ресейлік опат болып, аман қалғаны мүгедектерге айналып жатса да, Путин үшін ол маңызды емес. Ол бұған басын ауыртпайтын адам», - деп жазады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар