10 млрд еуро: Орталық Азияға Еуропа келе жатыр...

ЕО елдері Орталық Азиямен байланысын арттырып, ірі жобаларға инвестиция құюға дайын. Украина мен Ресей арасындағы соғыс басталған сәттен бастап, Орталық Азия елдерінің Еуропа үшін маңызы арта түсті. ЕО мемлекеттері Орталық Азиядан бағалы ресурстарды көбірек сатып алуға ниетті. Соғысқа дейін Ресейден мұнай, газ, көмір және басқа ресурстарды сатып алған Еуропалық қауымдастық, ендігі таңда ресейлік ресурсты алмастыратын елдерді іздеуде. Аймаққа жақын орналасқаны Орталық Азия елдері.


Стратегия устарела. Как в ЕС хотят строить отношения с ЦА – DW – 17.01.2024

 

ЕО елдері Транскаспий бағыты арқылы Қазақстан мен Түркіменстаннан мұнай мен газды көбірек алуға тырысуда және аталмыш бағытты дамытуға қаржы құюға дайын екенін айтумен келеді. Өзбекстанға да ЕО-дан инвестициялар ағымы артты. Ресейдің Украинаға басқыншылығынан кейін, ЕО басшыларының Орталық Азияға ресми сапарларының саны артты. 5+1 форматындағы бірнеше кездесу ұйымдастырылды және бизнес форумдар саны артып, миллиондаған еуро болатын келісімдерге қол қойылуда.

 

Еуропалық Одақ Орталық Азияның транспорттық тасымалдау мүмкіндігін арттыруға 10 млрд еуро инвестиция құюға әзір. Бұл туралы Тәжікстандағы ЕО-ның арнайы өкілі мәлімдеді. 

 

«Еуропалық одақ Орталық Азияның транспорттық тасымалдау мүмкіндіктерін арттыру үшін 10 млрд еуро инвестиция салуға әзір және оны халықаралық серіктестікті арттыру аясында іске асырады. Еуропалық комиссия ЕО-ның «Global Gateway» стратегиясы аясында Транскаспий транспорт дәлізін дамытуға ниетті», - дейді ЕО өкілі.

 

2024 жылдың қаңтарында Брюссельде өткен инвесторлар форумында Еуропа мен Орталық Азия арасындағы көлік және транспорт қатынасын дамыту мәселесі талқыланып, аймақтар арасындағы байланысты арттыру үшін жаңа жобалар ұсынылатыны айтылды.

 

Сарапшылар ЕО-ның инвестициясына Әзербайжан, Қазақстан және Түркіменстанда бірнеше портты кеңейту, жаңа порттар салу және ЕО-ның көлік қатынасын дамыту мақсатында ОА-да көлік жолдарын модернизациялау жұмыстары іске асатынын айтуда.  


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар