Қара теңіз флоты тағы да қара жамылды

Украина қарулы күштері Қырымға кезекті шабуыл барысында Ресейдің 266М жобасы аясында жасалған «Ковровец» кемесін жойды. Бұл туралы ақпарат Батыс басылымдарында жарияланып, артынша Украина Бас штабынмен расталды. «Бүгін түнде Украина қорғаушылары Ресейдің Қара теңіз флотындағы  «Ковровец» кемесіне күйрете соққы жасады», - дейді ресми хабарламада. 


Четверть кораблей пошла на дно: как Украина топит Черноморский флот РФ,  обсуждаем с экспертами - Freedom 

(Сурет көрнекілік сипатта)

 

Украина соңғы аптада Қырымға бес мәрте соққы жасаған. Соққылар Қырымдағы Бельбек әуежайына, «Жаңқой» әскери базасына және Севастополь портындағы нысандарға жасалды. «Бельбек» әуежайына жасалған соққыдан бірнеше ұшақ жойылып, Әуе қорғаныс жүйелері де отқа оранған. Спутниктік түсірілімдер әуежайдың маңындағы зымыран қоймасына да соққы жасалғанын көрсетті.

 

Украина АҚШ-тан көлемді негізде ATACMS зымырандарын алғаннан кейін, Қырымға соққы жасауды арттырды. «Ковровец» кемесі кеңестік кезеңде, яғни 1974 жылы қолданысқа берілді. Кеменің негізгі міндеті теңіз миналарын тауып, залалсыздандыру және өзге кемелерді миналы алқаптан алып өту болып табылады. Украина 2023 жылы Ресейдің «Иван Голубец» атты мина іздеуші кемесін жойған болатын.

 

Ақпарат көздері «Ковровец» кемесімен бірге «Циклон» кемесінің де жойылуы мүмкін дегенді айтуда. «Циклон» кемесі зымыран тасушы кемеге жатады. Кемеде «Панцирь-С» қондырғысы орнатылып, Севастополь портын қорғау миссиясы жүктелген еді. Кеменің жойылғаны немесе жойылмағанына қатысты нақты ақпарат жоқ. Украина Бас штабы «ақпаратты нақтылау үстіндеміз» деп мәлімдеді.

 

Forbes басылымы Украинаның ресейлік кемеге ATACMS-пен шабуыл жасауына қатысты жазды. Басылымның ақпаратынша Украинада жарылыс күші қуатты ATACMS-тың M48 немесе M57 типі бар деген байламға келген. Сарапшылар бұл Ресей флоты мен Қырымдағы өзге нысандар үшін қауіпті болатынын айтуда.  

 

Екі жылдан астам соғыста Украина тарапы Ресейдің Қара теңіз флотына тиесілі 20-дан астам кемесін жойған. Оның ішінде крейсер, сүңгуір кеме мен бірнеше үлкен десанттық кемелер де бар. Қара теңіз флоты басты кемесі "Мәскеу" крейсерінен соғыс басталған жылы айырылған болатын. Жалпы Ресейдің Қара теңіз флотында 70 кеме бар, оның маңызды кемелерінің көбі соғыс барысында не жойылды, не шабуылға ұшырап, жөндеуге жіберілді. Мысалы флотқа тиесілі үлкен 7 десанттық кеменің 5-еуі жойылған немесе соққыға ұшырап, жөндеуге жөнелтілген. Олардің ішінде Ресей мақтанышы саналған «Цезарь Куников», «Новочеркасск», «Саратов», «Оленегорский горняк», «Минск» десанттық кемелері бар. Наурыздың басында Украина Ресейдің жаңа барлау кемесі саналатын «Сергей Котовқа» соққы жасаған еді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар