Жапаров: Малайзия "Азия жолбарысы", ал біз "Орталық Азия барысы" болармыз

Бішкекте Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Малайзия премьері Ануар Ибрагим арасында кездесу өтті. «Ала-Арша» резиденциясында өткен кездесуде екі ел арасындағы маңызды салалар бойынша әріптестікті арттыруға қатысты келелі келіссөз болды.


Жапаров: депутат Жамгырчиев просил «Салимбая» «уничтожить „двух друзей“» –  Газета.uz

 

«Бүгінгі таңда Қырғызстан шынайы реформалар арқасында жетістіктерге жетіп, әлеуметтік, саяси және экономикалық салаларда өзгерістер жасауда. 2021 жылдан бастап біздің ЖІӨ-міз жылына 7 пайызға өсуде. Өткен жылы біздің жалпы ішкі өніміміз 1,2 трлн сомға жетті. Мұндай көрсеткіш тәуелсіз Қырғызстанның экономикалық тарихында бұрынсоңды болмаған. Қазіргі сәтте әр салаға цифрлық технологияны енгізу жүріп жатыр. Маңызды әлеуметтік нысандар салудамыз. Бұл бағытта Қырғызстан инвестицияны, технологияларды және білімді қажет етеді. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда және инвесторларға қолайлы жағдай жасап, жеңілдіктер беру үшін жұмыстар жасалуда.

 

Біз Малайзияның экономикалық дамуы және әлеуметтік-экономикалық жетістіктері оған «Азия жолбарысы» титулын әпергенін білеміз. Малайзияның даму моделі өзге елдерге, біздің аймаққа керемет үлгі. Мен болашақта Қырғызстан өзінің дамуында «Орталық Азияның барысы» болады деп үміттенемін. Осы ретте Қырғызстан мен Малайзия арасында жан-жақты келісім жасап, құжаттарға қол қою маңызды. Бұл Қырғызстан мен Малайзия арасында қатынастың дамуындағы «жол картасы» болар еді.

 

Менің білуімше, сіз Қырғызстаннан кейін Орталық Азиядағы өзге елдерге де барасыз. Өз сапарыңыз барасында біздің аймақтың бай тарихы мен мәдениетіне куә болып, таныса аласыз. Аймақтың дамуы осы аймақтағы әр елдің әрекетіне байланысты. Осы ретте мен Орталық Азия елдерінің басшылары жыл сайын ұйымдастыратын кеңестік кездесуді атап өткім келеді. Орталық Азия өзге елдермен байланысын арттырып, дамуда. Біз аймағымыз Оңтүстік-Шығыс Азиямен тығыз байланыс жасауға аса қолайлы өлке саналады», - дейді Қырғызстан президенті.

 

Малайзия премьері 16-мамырда Қазақстанға ат басын бұрады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар