Путин Xinhua агенттігіне: Украина бойынша келіссөзге дайынбыз!

Ресей президенті Владимир Путин Қытайдың Xinhua агенттігіне көлемді сұхбат берді. Путин 16-17 мамырда Қытайға ресми сапармен бармақ. Бұл оның президенттік таққа отырғаннан кейінгі шетелге жасалған алғашқы сапары. Ресей басшысының сапарды Қытайдан бастағаны Мәскеу үшін Бейжіңнің қаншалықты маңызға ие екенінің көрсеткіші саналады.


Путин дал большое интервью китайскому агентству - Газета.Ru | Новости

 

Путин сұхбат барысында Украина соғысына қатысты да айтып, келіссөзге дайын екенін жеткізді.

 

«Біз осы бір қақтығыстың нақты, сенімді негізде және әділетті түрде бейбіт әрекеттермен шешілгенін қалаймыз. Бұл тұрғыдан біз Украинамен диалогқа дайынбыз», - дейді Ресей президенті. Владимир Путин қақтығысты реттеу барысында барлық тараптың мүддесі ескерілуі қажет деген ойын айтты. Ол әлемдік тұрақтылық пен әлем елдерінің қауіпсіздігіне кепілдік берілу мәселесінде Ресей де сыртта қалмауы тиіс деп санайды.

 

Ресей басшысы Батыс елдері тарапынан айтылатын, берілетін кепілдіктердің сенімділігіне күмән келтіретінін жасырмады. «Басты мәселе бұл жерде берілетін кепілдіктердің сақталуына байланысты болып отыр. Өйткені біз қазіргі таңда Батыс елдерінің кепілдік беріп, халықаралық құқық пен ережеге сай деп мәлімдеуіне қарамастан, жағдайға қарай құбылып отыратынына көз жеткізумен келеміз», - дейді ол.

 

Путин былай дейді: «2022 жылы Ыстамбұлда Ресей мен Украина тарапы бейбіт келісімнің сұлбасын келісіп, келіссөз өткізді. Құжатта Украинаның болашағы мен қауіпсіздігі жайлы да, Киевтің талаптары да ескерілді. Алайда Украина тарапы кенеттен келіссөздерді тоқтатты. Соған қарамастан біз келіссөздерден бас тартқан емеспіз», - дейді. Ресей басшысы осыған дейін Бейжің ұсынған бейбіт келісімнің жобасы негізінде келіссөз бастауға болар еді деп санайды. Алайда Батыс тарапы Қытайдың бастамасын елемеді деді. 

 

Украина саясаткерлері мен Батыс сарапшылары Ресейдің 2022 жылы Украинаға қатысты ұсынған құжаты нағыз капитуляция деп баға берген болатын. Ал кей саясаткерлер Ыстамбұл келісімі болғанын тіпті жоққа шығарып, келіссөздерді «жалған қиялдың жемісі» деп атады.

 

Қазіргі сәтте Ресей мен Украина арасында келіссөз жүргізу мүмкіндіктері өте аз. Ресей әскері Харьков облысына ауқымды шабуылын бастап, бесінші күн қатарынан шабуылын үдетуде. Ал Украина тарапы Қырымды атқылауды күшейтті. «Осындай күрделі сәтте, келіссөздерді бастау өте қиын» дейді сарапшылар.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар