Абылай ханның әттеңі: Қазақ жерінде бірінші орынға су мәселесі шықты

Орталық Азиядағы «су жетіспеушілігі» сөз болғанда Абылай ханның: «Қазақты отырықшы жұртқа айналдыра алмадым», - деген асыл арманы ойға оралады. Өйткені, өмірі жорықта, ат үстінде өткен бабаларымыз қазақты су басына ие болу үшін күресті. Бірақ Ресей мен Қытай Ертіске, Талас пен Шуға, Әму мен Сырға толық ие болуымызға мүмкіндік бермеді.

1702374628880310.jpg

Енді соның зардабын түркімен мен қазақ тартуда. Орталық Азияда су көзіне ие мемлекет Қырғызстан мен Өзбекстан. Қалғандары өзгелердің қалған құтқан суларын місе тұтуда. КСРО бұл мәселені шешу үшін Сібір өзендерін Қазақстан мен Орта Азияға бұру туралы тамаша жобаны қолға алғанымен, бәрі де тек қағаз жүзінде қалды. Президент Тоқаев су мәселесінің тиімділігін арттыру ең маңызды стратегиялық басым бағыт екенін айтудай-ақ айтып келеді. Өйткені, еліміздегі біз пайдаланатын судың 44%-ы көрші мемлекеттер арқылы келеді.

Қазір отандық экологтартар еліміздегі су жетіспеушілігінің себебін түсіндіріп, алдын алудың жолдарын ұсына бастады. Сонымен қазір қазақ жерінде бірінші орынға су мәселесі шықты. Тек бір бізде ғана емес, бүкіл әлемде суды орынсыз қолданудан арылу және су қорының азаюының алдын алу проблемасы өзекті бола түсті. Су тұтыну жан басына шаққанда 3499 литрді құраса, Алманияда бұл 855 литр, Британияда –348 литр.

Парламент Мәжілісінің Қоғамдық палатасының эксперт-экологы Айжан Ысқақованың айтуынша, еліміз Азия даму банкінің зерттеуінше, суға зәру елдердің арасында 8 орынды иеленеді екен. Әлемдік банктің болжамы бойынша, Қазақстанда 2030 жылға таяу су ресурстарының көлемі жыл сайын 90-нан 76 км³-ке дейін азаяды. Сонымен енді, 7 жылдан кейін су тапшылығы жыл сайын 12-15 км³ дейін жетіп, 2030 жылы 15%-ға өседі.

Отандық экологтар проблеманың 4 себебін төменгідей тарқатады:

*Климаттық фактор,

*Инфрақұрылымдардың мүлдем тозығының жетуі,

*Су пайдаланудағы берекесіздік,

*Құқықтық негіздің жоқтығы.

Қазір Президент жанында Премьер-министр басқаратын су қауіпсіздігіне арналған арнайы кеңес бар. Ауыз суға қатысты бюджеттен ақша бөлініп, түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. 2002 жылдан бастап 2020 дейінгі аралыққа жоспарланған «Ақ бұлақ» бағдарламасы жүзеге асырылды. Тек 2011-2018 аясында сумен қамтуға аралған 2015 жобаға республикалық бюджеттен 589 млрд теңге бөлінді. Оның қаншасы жемқорлардың жемсауында кеткенін ешкім білмейді. Су көздерін Қытай және Қырғыз бен Өзбекпен бірлесе игеруге арналған жалғыз жоба дәртке қуат деп отырмыз.

Балқаш-Алакөл бассейніндегі су ресурсының көлемі 27,8 км³ құраса, оған келіп қосылатын судың 41%-ы Қытайдан бізге жетеді. Теңіз деңгейінен 341,85 м биіктегі Балқашты құрғап қалудан сақтап тұрған Іле өзенінің 70%-ы Қытай жерінде. Ал, алпауыт көршіміз осы өзеннің бойына 40 су қоймасын, 250 дамба салып тастап, 500 мың га жерін суаруда. Біздегі дамбылар КСРО-дан мұраға қалғанымен, еш жаңартылған жоқ.

Қазақ еліне қажет судың 63%-ы ауылшаруашылығы жерлеріне, ал, тұрмыстық және ауыз су 4%-ды құрайды. Бұған өндіріс қажетінің суларын да қосыңыз. Осы ауылшаруашылығы жерлеріне керекті судың қажет жеріне жеткенінше 50%-ы жоғалады. Ал, дихандарымыздың 16%-ы ғана заманауи тамшылап суғару мен жаңбыр суын пайдаланып отыр. Оларды 420 мың га жеткізу күн тәртібінде тұр.

Елімізде 8 су бассейні бар. Бірақ 2030 жылы Арал-Сыр, Жайық-Атырау, Есіл, Нұра-Сарысу және Шу-Талас бассейндеріде су тапшылығы орын алады.  Ертіс пен Балқаш бассейндері мыс пен мырыш арқылы су қорымызды улап жатыр.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар