Жаңа платформа: АҚШ-тың назары біздің аймаққа түсті

АҚШ, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан «С5+1» платформасы аясында жаңа платформаны іске қосуда. Ол «В5+1» деп аталады және бизнес аясына бағытталған.


Курс на Нью-Йорк: какие вопросы будут обсуждать Байден и президенты стран Центральной  Азии в формате "С5+1" ᐈ новость от 20:53, 19 сентября 2023 на zakon.kz

                       

АҚШ Мемлекеттік департаменті таратқан хабарламада, жаңа бастама аясында көптеген жұмыстар жасалатыны айтылған. Соның ішінде басымдық Орталық Азия елдерінің экономикалық қауіпсіздігіне берілмек. Экономика саласындағы реформаларды жасау, инвестиция тарту және өзара әріптестікті арттыру, тәжірибе алмасу, кәсіпкерлер форумдарын ұйымдастыру және басқа шараларды ұйымдастыру жоспарлануда дейді.

 

Платформаның алғашқы ресми отырысы 2024 жылы Алматы қаласында өтеді. Бұған дейін Халықаралық жеке кәсіпкерлік бойынша орталықтың директоры Эрик Хонтц Орталық Азия елдері әлемдегі капитал аз құйылатын аймақтың бірі екенін атап өтіп, аймақ елдерімен экономикалық байланысты арттыру керектігін айтқан-ды.

 

АҚШ Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық байланысты күшейту мақсатында да жобалар ұсынбақ. Соның ішінде аймақтар арасындағы экономикалық интеграцияны жылдамдататын жобалар ұсынып, логистика саласына инвестиция құюды да қарастыруы ықтимал дейді мамандар.

 

АҚШ-тың Орталық Азияға қызығушылығы 2022 жылдан бері артуда. Бұл Ресейдің Украинаға соғыс ашуымен тығыз байланысты. БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы барысында «С5+1» платформасының  кездесуі алғаш рет президенттер деңгейінде өтті. Сол сәтте АҚШ басшысы бизнес-платформа құрылатынын жария еткен болатын.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар