Ресейде тағы бүлік болады. ОА әліптің артын бағып отырады...

Орыстың ақырғы империясы атанған Ресейдің ыдырауы мен онда болуға тиіс бүліктердің түрлі сценарийлерін Батыс пен АҚШ саясаткерлері өз пайым-түсініктерімен түрлі қырынан жазуда.

1695112680409217.jpg

Осы тақырыпқа қатысты сөз қозғау жұртты мезі етуге айналған шақта Украина Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Алексей Даниловтың: «Ресейде тағы бүлік болады. Бірақ, өткен жолғы Пригожин жасағандай Мәскеуге жорық емес. 1991 жылғы тамыз төңкерісін еске алыңыз. КСРО-ның ыдырауы кезін еске түсіріңіз. Ресейде тағы бір «ГКЧП» болайын деп келеді», - деген тосын пікрі жұртты елең еткізді.

Батыс пен АҚШ саясаткерлері Ресейді үстіртін біліп, оның өзіндік ерекшелігіне терең бойламаса, ал ТМД елдерінің саясаткерлері орыспен және олар құрған империямен тонның ішкі бауырындай жақын. Сол себепті Алексей Даниловтың пайымдаулары шындыққа біртабан жақын.

Тап осы Алексей Данилов сәуір айында берген сұхбатында: «Батыс Ресейдің қалай бөлшектеніп жатқанын еш ұғынбайды», - деген болатын.

Енді осы саясаткердің келтірген қисындарын санамаласақ, Путин елдегі жағдайды толықтай бақылап отырған жоқ. Путинді басқасымен ауыстырса да, Ресей сол баяғы Ресей күйінде қала береді.

Украина Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Алексей Данилов таяуда немістің Bild басылымына берген сұхбатында да осы тақырыпты қаузады.

Ол бұрынғы ойын басқа қырынан жандандырып: «Ресей диктаторы Путин елді усында ұстау құзіретінен мүлдем айырылды, сондықтан Ресей Федерациясы бөлшектенуге дайындала беруі керек», - деп шорт кесті.

Алексей Данилов Батысты ақылға шақырып: «Бөлшектенген елді сақтап қалам деп еш тырысудың керегі жоқ. Бұл процесс баяғыда басталып кеткенін қақасап айтып келеміз, сіздер оған құлақ аспай келесіздер», - деп Батысты сөзбен бір тұқырып алды.

Ендігі жерде кез келген әскери топ елді ала тайдай бүлдіріп, өз дегенін іске асыра алатын жағдайға жетті. Иә, әлемдегі екінші армия деген мифтің күлі көкке ұшып, Кремль аса зор территорияны өз бақылауында ұстау құдіретінен айырылып қалды.

Енді ОА елдеріне әліптің артын бағып, солтүстік көршіміздің басынан бағы тайғанын бақылау ғана қалды.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар