Ресейдегі аз ұлттар: Біз Путинді мойындамаймыз, Тәуелсіздік аламыз!

Ресей құрамындағы тәуелсіздік аңсаушы этникалық азшылық өкілдері 8-10 қыркүйекте Ресейде өткен аймақ басшыларының сайлауына қатысты бірлескен мәлімдеме жасады.

1695034332135100.jpg

Олар Кремль өткізген бұл сайлауларды мойындамайтынын айтты. Мәлімдеме жасаушылардың арасында: Татар, башқұт, удмурд, черкес, ноғай, буряд, моңғол, ойрат, қалмақ т.б. тәуелсіз этникалық бірлестік басшылары бар. Біз «Mezgil.kz» оқырмандарына Бірлескен мәлімдемені қазақ тіліне аударып, ұсынғанды жөн санадық.

БІРЛЕСКЕН МӘЛІМДЕМЕ: ПУТИН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСКЕР!

Регионалистік және ұлт-азаттық қозғалыстардың Ресей Федерациясының байырғы халықтары мен отарланған аймақтарының атынан 2023 жылғы Ресейдің жалған сайлауын мойындамау туралы бірлескен мәлімдемесі:

2023 жылдың 8-10 қыркүйегінде Ресей аумағында және Украинадан уақытша басып алынған аумақтарда халықаралық қылмыскер Путин бастаған Ресейдің қылмыстық режимі ұйымдастырған жалған сайлау өтті.

Ресей Федерациясының байырғы халықтары мен отарланған аймақтарынан шыққан регионалистік және ұлт-азаттық қозғалыстар осы жалған дауыс беруді қатаң айыптайды және арсыздыққа құралған саяси фарсты мойындамайды.

Соғыс, диктатура орнату, азаматтарды демократиялық құқықтары мен бостандығынан айыру, еркін бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтық қоғам институттарын жою, саяси қуғын-сүргін және өзге ойлылардың көзін құрту кезеңінде өткізілген ресейлік жалған сайлау агрессор мемлекет – Ресей Федерациясының болашағы жоқ екенін тағы бір рет көрсетті. Путин режимі адамдардың шынайы қолдауына ие емес, ол өзінің соңғы күндерін сүруде.

Украинаның уақытша басып алынған аумағында қанды оккупация режимі орнатып, жалған дауыс беруді ұйымдастыру –  әлемдік қоғамдастыққа рашизмнің барлық шовинистік сипатын және Ресей Федерациясының әскери қылмыскерлер басқаратын террористік ел екенін көрсетті.

2023 жылғы жалған сайлау Путин режиміне қарсылық пен Ресей Федерациясының байырғы халықтары мен отарланған аймақтарының тәуелсіздігі үшін күрес әртүрлі жолдармен мүмкін болатындығын тағы бір рет көрсетті, соның ішінде путиндік қылмыскер жүйемен күресудің имитациясын жасау арқылы емес, күштік қарсыласу арқылы мүмкін екенін айқындады.

Біз Путин режиміндегі еркін, әділ сайлау үшін күресуде көп тәжірибеміз бар бола тұра фашистік Ресейде әділ сайлау өткізу мүмкін емес екенін білеміз, солай мәлімдейміз.

Бұл мемлекет қазіргі кейпімен барлық өркениетті елдерге қауіп төндіреді. Соныдықтан бейбіт өмірге жетудің бір түрі – ұлттық республикалар мен Ресей отарлаған аймақтардың жаңа тәуелсіз мемлекет болып құрылуы.

МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАУШЫЛАР

Ресейдегі байырғы халықтардың халықаралық комитеті:

Сергей Антонов – «Еркін Удмуртия» азаттық қозғалысының тең төрағасы,

Рафис Қашапов – Тәуелсіз Татарстан Үкіметінің қуғындағы премьер-министрі, «Еркін Идель-Орал» қозғалысының негізін қалаушылардың бірі, Еркін Ұлттар Лигасының мүшесі,

Меретуко Кенан Каплан – Біртұтас Черкес кеңесінің президенті,

Денис Угрюмов – «Еркін Ингерманландия» Ингерманланд қоғамдық-саяси қозғалысының өкілі,

Руслан Ғаббасов – Шетелдегі Башқұрт ұлттық қозғалысы комитетінің басшысы, еркін Ұлттар Лигасының мүшесі,

Петр Хлебович – Польша халық республикасындағы антикоммунистік оппозиция қайраткері, «Күрес ынтымақтастығы» автономды Шығыс бөлімінің тең төрағасы,

Нафис Қашапов – Польшадағы «Еркін Идель-Орал» қоғамдық қозғалысының өкілі,

Нұрлан Салтанаев – Қазақстандық блогер және қоғам қайраткері,

Владислав Живица – Смоленск республикалық орталығының төрағасы,

Фарит Закиев – Татар қоғамдық орталығының төрағасы,

Вячеслав Сивчик – «Разам» ынтымақтастық қозғалысының көшбасшысы,

Станислав Суслов – Сібір Тәуелсіз Конфедерациясы комитетінің өкілі,

Дмитрий Кузнецов – Карелия ұлттық-азаттық қозғалысының төрағасы,

Эдиге Бекмурзаев – «Еркін Ноғай елі» қоғамдық ұйымының төрағасы,

Ризван Кубакаев – «Еркін Ноғайстан» халықаралық ұйымының төрағасы,

Беслан Кмузов – Черкесия/Кубань Үйлестіру кеңесінің төрағасы,

Ирек Гариф – «Тұран» Австралия татарлар қоғамының басшысы,

Раджана Дугар – «Буряад-Моңғол Эрхэтэн» демократиялық қозғалысының төрағасы,

Батыр Боромангнаев – Ойрат-қалмақ халқы Конгресінің төрағасы, Еркін Ұлттар Лигасының мүшесі,

Роза Құрбан – Жазушы ғалым, ДСҰ президиумының мүшесі,

Аида Абдрахманова – Швециядағы Жалпы Татар қоғамдық орталығының (ДСҰО) мүшесі, Еркін Ұлттар Лигасының мүшесі.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар