Қаһарлы мавка: Басқыншылармен украин партизан қыздары қалай күресуде?

Ресей оккупациялап алған аймақта Украина қыздарынан құрылған «Қаһарлы мавка» партизандық ұйымы басқыншыларға қарсы әрекет етуде. Партизандар оккупациядағы қалалардың тұрғындары. Олар ресейлік сарбаздарға психологиялық қысым жасау үшін барын салуда.  


Злая Мавка - движение сопротивления из Мелитополя - борется с российскими  оккупантами - 24 Канал

 

Мавка - украин халқының аңыздарындағы орман перісі. Әдетте ол қыз келбетінде болады және өз аймағын қорғайды. Украин қыздары бұл атауды осы бір аңызға сүйеніп алса керек.

 

Алғаш рет «Қаһарлы мавка» ұйымы 2023 жылдың наурызында пайда бола бастады. Ұйымды құрған Мелитопольдің үш тұрғыны. Олар өз есімдерін жасырын ұстайды және беттерін жауып, дауыс өзгерту бағдарламалары арқылы бейнеүндеу жасайды.


Движение сопротивления Злая Мавка из Мелитополя: деятельность и история

 

«Біз 8-наурызда қалада басқыншы әскері қыздарға, қаладағы әжелерге гүл сыйлап, өздерінің қанды жорығын өтірік жуып-шайып, пропагандалық роликтер түсіретініне сенімді болдық. Сондықтан да арамыздағы суретші қыз «Біз сенің гүлің емес, Украинамыз қажет» деген жазумен сурет салды. Оны қала бойынша бірнеше жерге жабыстырып шықтық. Сөйтіп үшеуміз партизандық қозғалысты «Қаһарлы мавка» деп атадық. Оны әлеуметтік желіге сала бастадық. Қалада партизандар пайда болыпты деген сөз лезде тарап кетті. Басқыншыларда бір үрей пайда болғандай болды», - дейді қозғалысты Т. есімді мүшесі.


Как работает женское сопротивление в захваченных РФ регионах – DW –  27.07.2023

 

Партизандық қозғалыс #злаямавка атты хэштегті қолданады. Дәл осы хэштегпен жазбалар пайда бола бастаған сәтте, Мелитопольден бөлек аймақтағы басқыншы қолындағы қала тұрғындары бұл қозғалысқа қосылғысы келіп, пікір білдіре бастаған. Қозғалыс қызметін қауіпсіз ету мақсатында арнайы Telegram бот ашылып, өз жақтастарын жинай бастаған. Бүгінде қозғалысқа жүздеген адам мүше және олар бір-бірін білмейді. Бұл қауіпсіздік мақсатында қабылданған шара. Арнайы бот оккупациядағы аймақтарға жабыстыратын суреттерді электронды форматта жіберіп отырады. Ресей туын өртеу акцияларын ұйымдастырады. Украина әскерінің жетістіктері жайлы ақпараттарды таратады. 

 

Қозғалыс түрлі мағынадағы суреттерді қаланың әр тұсына жабыстырады. Сонымен бірге әскери мақсаттағы ақпарат жинайды. Украина барлау қызметі соққы жасайтын ғимараттар жайлы ақпараттарды оккупациялық аймақтағы партизандардан да алатынын жасырмайды.


Mezgil.kz

 

 

 

 



Ұқсас тақырыптар