АҚШ: Ресеймен соғысуымыз мүмкін...

АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Майк Пенс алдағы уақытта Ресей мен АҚШ әскері арасында соғыс болу мүмкін екендігін айтты. Оның сөзінше, егер Путин Украина жерінде жеңіске жететін болса, онда сөзсіз алдағы таңда НАТО елдерінің біріне басып кіруі ықтимал. Бұл АҚШ тарапынан автоматты түрде қарсы жауапқа ұласады дейді.


В России прогнозируют ядерную войну с США | Ukrainianwall.com

 

NewsNation алаңында сөз сөйлеген Пенс, Ресей Украинаны жеңсе арқаланып, өзге де елдердің шекарасын бұзып, басқыншылық жасайтынына сенімді.  

 

«Егер Украина жерінде украин әскері Ресей басқыншылығын тоқтатып, жойқын соққы беріп, шегіндіре алмаса, онда алдағы таңда біздің әскери форма киген ерлеріміз бен әйелдеріміз НАТО шекарасын қорғау үшін соғысуы ықтимал. Мен бұған сенімдімін. Ресей әскері Литва, Латвия, Эстония немесе Польшаға кіруі ғажап емес», - дейді ол.

 

Маусым айында Киевке келген сапарында Пенс Украинаға берілетін қару санын еселеп арттыруға шақырған болатын. «Украинаға қандай қару керек болса, сол қаруды берейік. Украина әскері Ресей әскерін тойтарып, қарымта соққысын жасасын. Бұл біз үшін қажет, бұл сайып келгенде күллі әлемнің қауіпсіздігі үшін қажет дүние. Ұлттық мүддемізге сай әрекет», –дейді саясаткер. Бүгінде Пенс 2024 жылғы АҚШ-тағы сайлауда кандидат болып тіркелген тұлға саналады. 

 

CNN арнасы жариялаған SSRS өткізген сауалнамаға сай, АҚШ-та Украинаға қару беруді қалайтындар саны артқан. Америка халқының арасында қару мен экономикалық көмекті арттыру керек дейтіндер саны да едәуір көбейіпті.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар