Көзсіз қалған Ресей әскері: Украина нақты соққы жасауда

14-қыркүйекке қараған түні Украина әскері оккупациядағы Қырымның Евпатория аймағындағы С-400 «Триумф» әуе қорғаныс жүйесін жойды.  Операция барынша ойластырылып, іске асты. Бастапқыда Украина дрондары радарлар мен антенналарды соққыласа, артынша Украина «Нептун» зымырандарымен әуе қорғаныс кешенінің өзін жоя білді.   


Наращивание оборонительного потенциала»: каких результатов достигла Россия  в укреплении системы ПВО Крыма — РТ на русском

 

13-қыркүйекте Украина әскері Севастопольдегі кеме жөндеу зауытына соққы жасады. Соққы салдарынан зауыт бухтасында жөндеуде тұрған екі бірдей кеме істен шықты. Оның ішінде «Минск» үлкен десанттық кемесі болса, екіншісінде «Ростов-на-Дону» сүңгуір қайығы бар еді. Украина әскері алдымен 10 қанатты зымыран жіберіп, артынша Ресей әскерін шатастыру мақсатында үш бірдей экипажсыз теңіз дрондарын Севастополь портына бағыттады. Осылайша Ресейдің  әуе қорғаныс жүйесіне салмақ салып, соққылар нәтиже берген.

 

Ресей соғысты бастар сәтте Қырымдағы порттарға төрт десанттық кемені әкелді. Солтүстік флоттан «Петр Моргунов» пен «Оленегорский горняк» десанттық кемесі әкелінсе, Балтық флотынан «Калининград» пен «Минск» десанттық кемесі Севастополь порттарына тоқтады. Ресей қорғаныс министрлігі десанттық кемелердің санын арттыру арқылы Одессаға десанттық операция жасауға дайындады. Алайда Украина әскері «Мәскеу» крейсерін суға батырған соң, бұл жоспардан бас тартып, десанттық операцияны іске асыруды қайта қарастырды. Артынша Украина «Оленегорский горняк» десанттық кемесіне шабуыл жасап, істен шығарды. Енді солардың қатарына Минск кемесі де қосылды. 

 

Жарты ай бұрын Украина әскері Қырымның Тарханқұт мүйісіндегі әуе қорғаныс жүйесіне соққы жасады. Әуе қорғаныс жүйесімен бірге радиотехникалық бақылау қондырғысы да жойылды. Артынша украин арнайы жасақтары Қара теңіздегі «Бойко мұнарасын» қайтарып, ондағы Ресейдің көзі мен құлағы болып тұрған бірнеше бақылау жүйесі мен радарын өшіріп тастады. Осылайша Қырымға соққы жасауды нәтижелі ету үшін Ресейдің оккупациялық аймақтағы әуе қорғаныс жүйелерін істен шығаруда.


Mezgil.kz

 

 

 

 


Ұқсас тақырыптар