Жеңіс: Соғысқұмар Ресей әртістері Қазақстанға келмейтін болды!

Украинаға жасалып жатқан басқыншылық соғысты қолдайтын Ресейлік «Камызяки» әзілкештер тобы Қазақстанға келмейтін болды. Бұл туралы VI Project продюсерлік орталығы айтты.

1694687063713777.jpg

«Камызяки командасының әртістерінің дау тудырған әрекеттері туралы қоғамдағы жағымсыз пікірлерді ескере отырып, ұйымдастырушылар @vi_project_kz_ және @livent.kz командасы Камызяки командасының Қазақстандағы жеке концерттерінің бүкіл турын тоқтату туралы шешім қабылдады. Билеттерді қайтару мәселесі бойынша сатып алған билет операторларына хабарласуларыңызды сұраймыз», - делінген бейсенбі күні хабарламада.

Ресейліктердің Қазақстанда концерт өткізетіні белгілі болғаннан кейін қоғамда наразылықтар пайда болған еді. Тіпті қазақстандықтар оларға қарсы петиция да жариялады. Құрамында Астрахан қазағы Азамат Мұсағалиев бар «Камызяки» тобы жақында ғана Кремльді ашық қолдайтынын көрсетіп, оккупацияланған Донбассқа барып кеш өткізіп кеткен. Былтыр соғысты жақтаушы әртіс Ольга Бузовамен бірге мобилизация кезінде елден қашқан Ресейліктерді мазақ қылған.

Азамат Мұсағалиев Ресейде жүріп өзінің этникалық тегіне қарамастан, қазақ ұлтына тіл тигізген әзілдер айтып та танымал болған.

Қоса кетсек, Қазақстанға сапарлары орындалмай қалған әртістер тек «Камызяки» емес, олардан бөлек соғыс қолдаушылары Григорий Лепс, Ирина Дубцова, Никита Джигурда секілді бірнеше ресейлік әртістің ән кештері Қазақстан қоғамының наразылығына ұшырап өтпей қалған.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар