Депутат: Кремль Арменияда билік төңкерісін жасамақ...

Бәріміз білеміз, 2020 жылғы Әзербайжанмен арадағы екінші Қарабақ соғысындағы жеңілістен кейін Ресей мен Арменияның арасы мүлдем ашылып, бірте-бірте суи бастады.

1694683683223642.jpg

Армения биыл Минск маңында өткен ҰҚШҰ (ОДКБ) әскери жаттығуына пысқырып та қараған жоқ. Керісінше АҚШ-пен тығыз байланыс орнатуды жолға қойып, 11-20 қыркүйек аралығында Армения өз аумағында АҚШ-пен бірлескен «Eagle Partner 2023» әскери бітімгерлік жаттығуын өткізуде. Бұл әскери маневрге 85 америка және 175 армян әскери қызметкерлері қатысуда.  

1694683193589221.jpg

(Армения мен АҚШ-тың бірлескен әскери жаттығуы)

Осыған байланысты Кремльдің атынан президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ пен Арменияның әріптестігі туралы: «Әлбетте, бұл бүгінгі қалыптасқан жағдайға байланысты, АҚШ пен Арменияның әскери жаттығуы өте қатты сақтана қарауды қажет етеді», - деп мәлімдеген.

1694683262615345.jpg

(Армения премьері Никол Пашинян)

Таяуда Армения премьер-министрі Никол Пашинян «POLITICO Europe» басылымына сұхбат берді. Осы сұхбат барысында Никол Пашинян Қарабақ проблемасынан бөлек Ераван мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынасқа кеңінен тоқталды.

«Украинадағы соғыстан кейін, Ресей ендігі жерде Армения қауіпсіздігінің кепілі бола алмайды. Украинадағы оқиғаларға байланысты Ресейдің мүмкіндігі де өзгеріске ұшырады. Мәскеудің өзгелер тізе батыруы біршама әлісіреді. Сондықтан «Біз батыс пен шығыстың, солтүстік пен оңтүстіктің өзара текетірестерінен аулақ, тәуелсіз де, дербес ел болғымыз келеді», - деді армян премьері.

Арменияның бірінші ханымының Киевке баруы, ОБДК өкілін кері шақырып алуы және АҚШ-пен бірлескен әскери бітімгерлік жаттығу өткізуі Арменияның Ресейден іргесін аулақ салуға әрекет етуі «Ераван көктемін» өмірге әкелуі де ықтимал дейді сарапшылар. «Біз ендігі жерде Ресейдің емес, Арменияның мүддесін алға қоямыз», - деген премьер-министр сөзі көп нәрсені аңғартады.

АҚШ-қа қазі керегі Ресейге көңілі толмайтын ел. Ол ел табылды. Ол – Армения. Премьер-министрдің сұхбатының ұзын-ырғасы да антиресейлік ауанда болды десек артық айтпаймыз. Ал Армения парламентіндегі «Ар-намыс» фракциясының жетекшісі Айк Мамиджанян: «Ресей Таулы Қарабақ басшысын сайлауға қатысты суық қабақ білдірмеген жалғыз геосаяси ойыншы болды», - деді.

Қарабақ сепаратистері 9 қыркүйекте өткізген заңсыз сайлауға Ереванның да көңілі толмайтынын Никол Пашинянның өзі де ашық мәлімдеп: «Қарабақ армяндарының бұрынғы басшысымен тіл табысу жеңілірек болар еді», - деген.

1694683350973392.jpg

(Армения депутаты Ваагн Алексанян)

Ал Армения Парламентіндегі билеуші партия депутаты Ваагн Алексанян Армения оппозиция өкілдері Ресеймен ауыз жаласып, Ереванда билік төңкерісін ұйымдастырмақ екенін мәлімдеді.

«Егер сендер өздеріңнің басшыларың Мәскеудің көмегімен, елде қан төгу арқылы қайта билікке келеді деп ойласаңдар, қатты қателесесіңдер», - деді ол Армения оппозициясына қарата. «Сендерге пәрменнің қандай геолокациядан келіп жатқанын көзі бар жұрттың барлығы көріп, біліп отыр. Менің арянша айтқан осы сөздерімді шетелдік кураторларыңа аударып жіберіңдер», - деп қосты депутат.

1694683405684613.jpg

(Ресей президенті Владимир Путин)

Бұл мәлімдемеден соң, Мәскеу іле-шала мәлімдеме жасап, РФ СІМ өкілі Мария Захарованың аузымен: «Ресей Ереванда билік төңкерісін жасамақ деген қауесеттің ешбір негізі жоқ», - деп мәлімдеді. Ал Ресей президенті Путин осы қауесетті жоққа шығарғысы келгендей: «Пашинянмен байланысымыз үзілген жоқ. Біз жиі хабарласып, ақылдасып отырмыз», - деп сөйледі.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар