Депутат: Орыс әдебиетінің орнына әлем әдебиетін оқытайық!

Мектепте қазақ тілінде білім алатын шәкірттерге «Орыс әдебиетін» оқыту керек пе, керек емес пе деген пікірталас қазақ қоғамында жиі болмаса да, анда-санда көтеріліп қояды.

1693992728957241.jpg

Шынын айту керек, алты құрлыққа кең тараған ағылшын тілін оқытамыз, бірақ, ағылшын әдебиетін оқытпаймыз. Енді әлем теріс айналған ел - орыстардың тілі де, әдебиеті де мектеп оқулықтарынан түспей келеді. Қазір жер-жаһан ағылшын тілінсіз алға басудың мүмкін еместігін ұғынды.

Бірақ қазақ елінде орыстың тілін былай қойғанда, оның әдебиеті де онсызда көптеген пәндерді оқып, миы ашыған шәкірттерге бесінші доңғалақ екені жасырын емес.

Осы мәселені айтыскер ақын, мәжіліс депутаты Ринат Заитов жақында: «КСРО кезінде орыс әдебиетін оқыту орынды болған шығар. Енді азаттық дәуірінде тек орыс әдебиетін оқисыңдар деу әбестік. Оның орнына әлем әдебиеті оқытылуы керек», - деп орынды сөз етті, деп жазады qaz365.kz

Бұрынғы министр Асхат Аймағамбетов кезінде: «Бұл мәселе қаралуда», - деген болатын. Сонда кейбіреулер немесе Ресей барлауы әлдекімдердің аузын алып, осы оң істің тымағын теріс алмастырып отырған жоқ па деген ойға қаламыз...

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар