Қазақ армиясы Кеңестік стандарттардан қашан арылады?

Биылғы жылғы Жолдауынан жұрттың күткені Қазақ елінің Қорғаныс қабілеті мен қуатын артуға қандай қадамдар жасалуға тиіс деген сауал болғандығы жасырын емес.

1693560202536944.jpg

(Сурет: ortcom.kz)

Иә, қай мемлекеттің болмасын басты орында тұратын дүниесі – бұл қауіпсіздік. Тап осы қауіпсіздікті Қарулы Күштер қамтамасыз етеді. Қазіргі кездегі әскери докторинада Ресей қаруына ден қою басты орында тұрды.

Бірақ, Ресей мен Украина арасындағы соғыс, оған дейін Тауыл Қарабақ үшін Армения мен Әзербайжан арасындағы болған соғыстарда орыс қаруының заман көшінен артта қалғандығын дәлелдеп берді.

Міне, осы тарихи факті қазақ әскерилерін ұлттық армиямыз жасақталған кеңестік және ресейлік қару-жарақтан қалай арылудың жолын іздестіруге қам жасатты.

Президент Тоқаев жаңа тарихи кезеңдегі қазақ армиясының бес қаруының сай болуын осы Жолдауында ерекше атап өтті.

«Тағы бір маңызды мәселе – қорғаныс-өнеркәсіп кешенін жан-жақты нығайту. Бұл сала дамыған елдердің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде басты рөл атқарады. Осы орайда импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік беретін, жергілікті өнім үлесі жоғары өндіріс кешенін құру – аса маңызды міндет. Біздің армиямыз жоғары технологиялы қару-жарақпен және әскери техникамен, соның ішінде бронды техникамен, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарымен, қазіргі заманғы атыс қаруларымен жабдықталуға тиіс.

Техниканы шұғыл жөндейтін өндіріс орындарының қуатын арттырып, отандық кәсіпорындарға барынша қолдау көрсеткен жөн. Бізде оған қажетті материалдық-техникалық база, білік пен тәжірибе және мамандар бар. Тек оларға құзырлы мекемелердің тапсырысы керек. Заманауи технология трансфертін жасау және жаңа өндірістер ашу жұмысын жалғастырған жөн. Арнаулы қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры арқылы өз кәсіпорындарымызға тікелей қаржылық қолдау көрсетіледі», - деді Тоқаев.

Армияны НАТО стандартына сай ете білген Украина мен Әзербайжаның қатарына Қазақстанда қосыла ма? Қоғамның көңілін күпті еткен басты сауалдардың бірі осы...

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар