Бейжің мен Мәскеуге балама: АҚШ Қазақстанға қол ұшын созбақ

Ресейге қарсы санкциялардың салдары ОА елдеріне де тиюде. Санкция әсерін жеңілдетуде Орталық Азия елдеріне көмек көрсету жөніндегі келісілген күш-жігер шеңберінде Америка Құрама Штаттары бірлескен бастамаларға белсенді түрде қатысатынын тағы да мәлімдеді.


h5yqzlhv0evq.jpg

 

АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Элизабет Хорст жақында Конгресстің Өкілдер палатасының Сыртқы істер комитетінде өткен тыңдауда Орталық Азияға қатысты Вашингтонның ұстанымын тағы да айтты.

 

Орталық Азия елдері Америка Құрама Штаттарынан санкция салдарын азайтуды және Ресей мен Қытайдың саяси-экономикалық ықпалын азайтудың балама жолдарын сұрап отыр дейді ол.  

 

Дипломат Элизабет Хорст былай дейді: "Олар бізден санкциялар мәселесі бойынша көмек сұрауда. Сонымен бірге сырттан болатын қысымды азайтудың балама жолдарын да қалап отыр. Біз Қазақстан мен Өзбекстанның ішкі экономикасына зиян келтірмеу үшін бүгінде бұл елдермен белсенді жұмыс жүргізудеміз".

 

Хорст Америка Құрама Штаттарының Орталық Азия аймағымен байланысын нығайту мүмкіндігін атап өтті. Алға жылжудың балама жолын ұсына отырып, Вашингтон Мәскеу мен Бейжіңнің аймақтағы ықпалын азайтуды да көздеп отырғанын жасырмайды. Ол Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан энергетикалық секторда өте тығыз жұмыс істеп жатқанын да тілге тиек етті.  Соңғы уақытта Астананың осы саладағы Мәскеуге тәуелділігін төмендету жөніндегі күш-жігерін атап өтті.

 

«Америка Құрама Штаттары қазіргі геосаяси жағдайдың күрделілігі жағдайында одақтастарына көмек көрсетуге кепілдік бере отырып, Орталық Азияны қолдауға дайын», - дейді ол.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар