Ресей билігі ОА-ға: Біз үшін соғысып жүргендерді соттамаңдар!

Ресей Мемлекеттік думасының депутаты және «Әділетті Ресей» партиясының жетекшісі Сергей Миронов: «Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты Орталық Азия елдерінің орыстары Ресей жағында Украинамен соғысамыз десе, жіберуі керек және ол үшін ешқандай қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек», - депті.

1685954285346326.jpg

Миронов бұл мәселені халықаралық деңгейде шешуді ұсынған. Оның ойынша, Украинаға басқыншылық жасап, елдің тұтастығын бұзып отырған Ресейді қорғап соғысқысы келген Қазақстан азаматтары емін-еркін майданға кете беруі керек екен.


1685953991864386.jpg


«Қазақстан, Қырғыз, Өзбекстан – ЕАЭО-ға мүше елдер мен бақылаушы мемлекеттер, егер осы елдердің орыстары өздерінің тарихи отанына көмектескісі келіп, «арнайы әскери операцияға» қатысатын болса, оны соттайды. Бұл абсурд! Біз бұл мәселені халықаралық деңгейде шешуіміз керек!», - деп жазды ол туиттер парақшасында.


1685954041437867.png


Қырғызстанның Жогорку Кенеш депутаты Дастан Бекешев Twitter-дегі парақшасында Қырғызстан өз азаматтарының қандай да бір соғысқа қатысуын қолдамайтынын айтты.


«Еуразиялық экономикалық одақ - әскери одақ емес және біз азаматтарды қандай да бір соғысқа қатыстыруға ниетті емеспіз», - деп жазды Бекешев.


1685954116415091.jpg


Қазақстан Мәжілісінің депутаты Самат Нұртаза да Мироновтың мәлімдемесіне жауап берді.


«Миронов мырзаға айтарым: Біздің заңымыз бойынша азаматтарымыз үшінші елдердің аумағындағы әскери қақтығыстарға қатыса алмайды. Құқығы жоқ. Біздің заң, біздің ережеміз бойынша осылай. Заңды бұзған Қазақстан азаматы тиісінше қылмыстық жауапкершілікке тартылады.


Бұл заңның 2012-2013 жылдары қабылданғанын Ресей депутатының есіне салғым келеді. Достық қатынастағы елдер біздің ішкі заңдарымызға құрметпен қарауы керек.


Сонымен қатар, біз өз азаматтарымызды ұлтына қарап немесе этникалық, конфессиялық негізде бөліп-жармаймыз.  Қазақстандық паспорты бар барлық адамдар заң алдында тең», - деп жазды депутат.


Айта кетейік, Қазақстанда шет мемлекеттердің аумағында әскери іс-қимылдарға қатысқандар 5 жылдан 10 жылға дейін бас ботандығынан айырылады.


Өткен жылдан бері, тіпті оның алдыңғы жылдардан бері Ресей саясаткерлері тынбастан Қазақстанға қатысты арандатушылық мәлімдемелер жасап келеді. Ресейлік депутаттар Қазақстанда «нацистік көзқарас бар», «русофобияның белгілері бар» деп бірнеше рет айыптаған. Қазақстандық депутаттар мен қоғам қайраткерлері ондай арадатушылық мәлімдемелерге жауап беріп келеді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар