ISW: Кремль Қадыров әскерін соғысқа мәжбүрлеп жіберді

ISW: Қадыровтың әскерлерінің майдан шебіне оралуы Кремль қысымымен жүзеге асып отыр.


756717180431102.jpg


Америкалық соғысты зерттеу институты (ISW) Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың бақылауындағы әскери күштердің бір жылдан кейін соғыс аймағына қайтып баруын талқылап жатыр.


Қадыров пен Ресей Қорғаныс министрлігі 31 мамырда шешеннің арнайы күштері «Ахмат» пен «Север-Ахмат» полкі Донецк облысы Марьинка аймағында шабуылға кіріскенін айтты. Сондай-ақ Қадыровтың айтуынша, шешен жауынгерлері Запорожье мен Херсон облыстарында соғысып жатыр, бірақ ISW оған видео дәлел таппаған.


Қадыровшылар бір жыл бойы, 2022 жылдың шілдесінде Лисичанскіні алғаннан бері, іс жүзінде майданнан кетті. Бұл Қадыровтың «өз әскерін көзінің қарашығындай сақтайды» деген ой қалыптастыруға түрткі болды.


Кремль қадыровшыларды «ЧВК Вагнердің» орнын алмастыруға пайдалануы мүмкін. Өйткені «вагнерліктерді Бахмуттан шығарудан бір күн бұрын шешен отрядтарының майданға қосылатыны айтылған», - дейді ISW.


20 мамырда Рамзан Қадыров пен Владимир Путин кездесті. Бұл туралы Қадыров хабарлайды, ал Мәскеу тарапы үнсіз қалды.


«Кремль шешен бөлімшелерін бір уақытта бірнеше бағытта шабуыл жасау үшін пайдаланады. Бірақ егер Қадыровтың «Украинада 7 мың жауынгерім бар» деп жүргені рас болса, бұл күштер бір уақытта бірнеше бағытта шабуыл жасауды сәтті жүргізе алмайды», - деп жазады ISW.


Сонымен қатар, Кремль Қадыров пен Пригожиннің одағын бұзуға тырысуы мүмкін. Мамыр айының басында, Пригожин Қорғаныс Министрлігінен снарядтар жеткізуді талап еткенде, Қадыров оны көпшілік алдында қолдап, жауынгерлерін сол жерге жіберуге дайын екенін мәлімдеді. Путин не Ресей әскери қолбасшылығы Пригожиннің осы әрекеті үшін кек алу мақсатында Қадыровқа әскерін майданға жіберуді бұйыруы мүмкін.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар