«Біріккен Қапқаз» легионы: Мәскеуге қырғидай тиеміз!

Өткен жолы «Азат Ресей» жасақтарының Белгородқа рейд жасап, Мәскеудің мазасын қашырғаны әлемдік БАҚ-та қызу талқы болды. «Әлемнің екінші әскері» деп әсіре әспеттелген мемлекет алақандай ғана Белгородтан «Азат Ресей» жасақтарын екі күн алысып жүріп, әрең шығарды. Жә, ол тәмам әңгіме.

1685522082680920.jpg

Енді «Біріккен Қапқаз» дейтін барлаушы-диверсиялық топ Ресей шекарасына келіп тұр екен. Бұл туралы «Казказ. Реалии» порталы хабарлады. Олар қазірдің өзінде Ресей шекарасы маңында операциялар жүргізуге кірісіп кеткен.


«Казказ. Реалии» порталының жазуынша, бұл – ресми құрылым емес. Жуырда ғана жасақталған. Оның құрамында дені солтүстік Қапқаздан шыққан азаматтар. Исламның салафизм ағымын ұстанушылар. «Біріккен Қапқаз» жасағы идеологиялық себептерге байланысты Украина Қорғаныс министрлігімен келісім жасаспаған, бірақ қажетті қару-жарақты Украина ҚК-нен алып отыр екен.


Қазір бұл жасақ Донецк облысында әскери операцияларды жүзеге асыруда. Сондай әскери тапсырмалардың бірін Ресей шекарасы түбінде жүзеге асырған. Оған дейін «Біріккен Қапқаз» жасақтары бірнеше ай бойы Бахмуты маңында шайқасқан. 


«Алғашында біз Киевте болдық. Кейін Киев маңына ойыстық. Онан соң Беларусь бағытына аттандық», - депті «Казказ. Реалии» порталына пікір білдірген Муаз Кибишев дейтін жауынгер. Муаз Кибишев Қабардин-Балқар елінің тумасы екен. 


укпу.jpg


«Біз 80 пайыз уақытымызда алдыңғы шепте жүреміз. Генералдар бізді жақсы біледі. Біздің не істеп жүргенімізді көріп отыр. Қандай да бір кедергілер мен шектеулер жоқ. Егер алдыңғы шептегі бізде қару-жарақ, жағармай немесе басқа қажеттіліктер туындай қалса, бізді керек-жарақпен қамтамасыз етіп отыр.


Біздің жасақ Кремль солдаттарына қарсы күресуде тәжірбиесі бар жауынгерлерден құралған. Біреулері Сирияда, енді біреулері Қапқазда Ресейге қарсы соғысқан... Белгілі бір себептермен бөліндік. Қазір өз бетімізше соғысып жатырмыз. Бізде ислами құрылым. Комбат немесе прапоршик деген жоқ. Біздің үлкеніміз бар. Ол – әмір. Олардың көмекшілері бар. Олар – наибтер. Шура деген бар. Ол – кеңес», - дейді Кибишев.


Ол өз сөзінде: «Қапқаздықтар мұнда Ресейді әлсірету үшін соғысып жүр. Қапқаз да Донбасс пен Қырым секілді оккупацияланған территория. Біздің отанымыз ұзақ уақыттан бері оккупацияда. Біреулер: «Біз еуропалық құндылықтар үшін соғысып жүрміз», - дейді. Олай емес. Біз ешкімнің басқаруында емеспіз. Егер соғысты тоқтатқымыз келсе, тоқтатамыз. Ал қазір ортақ жауымызға соққы беретін мүмкіндік бар ма, біз соны пайдаланып, жауымызды әлсіретіп жатырмыз. Біздің мақсатымыз – дінімізге, өзімізге және Украинаға көмектесу. Біздің мақсатымыз – Қапқазды азат ету», - дейді спикер.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар