Украина: Иран дрондары ертең өздеріне қарсы атылады

Кеше түнде Ресей кезекті рет Киевке соққы жасады. Киев қалалық әскери әкімшілігі Ресейдің кезекті соққысы туралы ақпараттармен бөлісті.


oVtRzirT9miA34pLBrREn26mLR7MbYZrwpFNRG9P.jpeg


Ресейдің осыған дейінгі жасаған соққылары секілді әртүрлі қару түрлерін пайдаланбаған. Бұл жолы тек «Shahed» дрондарын қолданған. Шабуыл бірнеше рет лег-легімен жалғасқан. Әуе дабылы 3 сағатқа дейін созылған. Қазірге белгілісі, Киев ПВО-сы 20 өзұшар аппаратты әуеде қағып түсірген. Десе де, Киевтің ықшам аудандарында зардап шеккендер мен қираған ғимараттар бар.


Жалпы Ресей әскери басшылығы Украина қалаларына дрон шабуылын көбіне көп Иранның дрондарымен жасауда. Сол үшін де Халықаралық қауымдастық Иран билігін Ресей агрессиясын қолдаушы һәм демеуші деп айыптауда.


Иран: Біз Ресейге қару беріп отырған жоқпыз!


Кеше Иранның Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі, генерал Хамза Каландари: «Біз Мәскеуге қару-жарық жеткізіп беріп отырған жоқпыз», - деп мәлімдеді. Ол өз сөзінде: «Ислам республикасы Украинадағы соғыстың шоғын үрлегісі келмейді», - деген. Каландаридің айтуынша, 2020 жылдың қазан айынан бері әлемнің әртүрлі мемлекеттері Иранның әскери техникаларын қолдана бастаған.


50 жылға санкция


Ал осының алдында Украина президенті Владимир Зеленский Жоғарғы Радаға заң жобасын ұсынып, Иранға 50 жылдық санкция салу туралы бастама көтерген. Бұл санкцияның мақсаты – Иранмен сауда операцияларын жүзеге асыруға, әскери және жанама мақсатағы тауарларды саудаласуға тыйым салуды және Иранға инвестиция салуға шектеу қоюды көздейді.


Өз кезегінде Украина президентінің кеңесшісі Михаил Подоляк: «Иранның бүгін бізге ұшып келіп жатқан «шаһидтері» күндердің күні өз иесін тауып барады», - деп сөйледі. «Тегеран қазір Мәскеудің негізгі одақтастарының бірі. Иран қазір Ресейге біздің бейбіт қалаларымызды шабуылдайтын қаруларды жеткізіп беріп отыр. Тегеранға бір ғана сөзді айтқым келеді. Бумеранг деген бар. Бүгін бізге ұшырылып отырған «шаһид» ертең өз иесін тауып ұшады», - деді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар