Сириядағы Ресей әскері жойқын шабуылға ұшырады

Сириядағы Ресей әскерлері «жойқын шабуылға» ұшырады. 29 мамырға қараған түні аймақтық қауіпсіздік саласындағы оқиғаларды жариялайтын Израильдің «Bitahon shotef» телеграм арнасы Ленинград облысы Подпорожье қаласының тумасы, 49 жастағы Ресейлік полковник Олег Печевистыйдың Сирияда қайтыс болғанын хабарлады.

керкерке.jpg

Ресейлік БАҚ бұл туралы әлі хабарлаған жоқ. Печевистыйдың өлімі туралы алғашқы ақпарат 27 мамыр күні түстен кейін «Вконтакте» әлеуметтік желісінде пайда болған. Кейін бұл жаңалық «Подпорожская правда» газетінде жарияланды.


Ресми ақпаратқа сәйкес, Печевистый Шешенстандағы соғысқа қатысқан. Арнайы күштерге арналған Ресейлік сайттың мәліметі бойынша, ол Солтүстік Кавказда 2000 жылдардың бірінші жартысында 85-жеке арнайы жасақ құрамында соғысқан. 2008 жылы, Печевистый Грузиядағы қарсылықтың да ішінде жүрген.


«Олег Печевистый 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Сирия Араб Республикасында арнайы тапсырмаларды орындады. 2023 жылдың 26 мамырына қараған түні ол командирлік борышын өтеп қайтыс болды», - делінген ресми ақпаратта.


Израильдің «Bitahon shotef» телеграм арнасы Ресейлік дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Олег Печевистыйдың командалық пункті Сирияның солтүстік-батысындағы Латакия провинциясының тауларында артиллериялық соққыға ұшырағанын жазады. Атысты Ресей мен Иранның қолдауын көріп отырған президент Асадтың режиміне қарсы сунниттік Қарулы Күштер Идлиб аймағынан жасаған.


«Bitahon shotef» атап өткендей, бұл 2016 жылдан бері Сириядағы Ресей әскерінің алған ең күшті соққысы.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар