Украина: Қазақстан Ресейдің емес, біздің жанымызда болуы керек!

Украиналық саясаткер, Жоғарғы Рада депутаты Алексей Гончаренко Еуропарламентте сөз сөйлеп, Қазақстан халқына үндеу жолдады.


63c9336c02e8bd12865044e3.png


Гончаренко өз сөзінде Қазақстанда Ресей пропогандасы қарқын алап бара жатқанын айтты.


«Қазақстан – қазірдің өзінде Ресейдің гибридтік шабуылын бастан өткеріп жатыр. Біз мұны бүгін ашық айтуымыз керек. Ресей менің мемлекетіме қарсы дәл осылай гибридтік, ақпараттық шабуыл жасаған еді. Мен мұны Ресей билігінің бізге жасағанын Қазақстанда болдырмау үшін айтып отырмын.


Қазірдің өзінде күн сайын Ресейлік пропоганда Қазақстанды, соның ішінде Солтүстік Қазақстанды Ресейдің бір бөлшегі етіп көрсетуде. Ресейлік пропоганда Ресей билігіне күн сайын Қазақстандағы орыс тілділердің де құқығын қорғау керектігін айтып сөйлеуде», - дейді.


Алексей Гончаренко Қазақстанды меңзей отырып, тағы бір ел Ресей агрессиясынан жапа шеккенін қаламайтынын айтты. Ол өз сөзінде Қазақстанды «Еуропалық мемлекет» деп атады.


«Мен Қазақстанынң болашағына сенемін. Мен Қазақстанның келешекте қасындағы агрессордың жемтігі болмай, Еуропалық Кеңестің мүшесі болғанын қолдаймын. Қазақстан біздің қатарымызда болуы керек. Алға Қазақстан!», - деді Гончаренко.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар