"Жаңа Қазақстанда ғылым, білім және инновация бірлігі қағидаттарын қалыптастыру"

WhatsApp Image 2022-10-29 at 17.26.10.jpeg


2022 жылғы 28 қазанда Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде "Жаңа Қазақстандағы ғылым, білім және инновациялар бірлігі қағидаттарын қалыптастыру"  атты Халықаралық симпозиум өтті.  Аталған іс-шарада алыс жақын шетел мемлекеттері, оның ішінде  Қазақстан, Түркия, Жапония, Канада, АҚШ, Англия университеттері мен ғылыми орталықтарының 30-дан астам өкілдерін біріктіретін, "International Hub"  Халықаралық ғылыми-білім беру орталығының ашылуы салтанатына қатысты. 

Салтанатты жиынның ашылу салтанатында университет ректоры Г.А.Сарсенбекова, «Бүгінгі ҚазИТУ – болашақты қалыптастыруға қажетті жаңа ұрпақты оқытудың негізгі факторы.Нарықтың бәсекелестік заманында білім-ғылым-инновация үштігі әрқашан өзекті. Себебі біздің зерттеулеріміз әлеуметтік қажеттіліктерді болжауы керек және зерттеу нәтижелеріміз тиісті білім беру механизмдері арқылы қоғамға тиімді түрде берілуі қажет.Осы тұста Академқалашықта орналасқан ғылыми-зерттеу институттарымен біріге сапалы маман дайындауда жұмыс жасау ел болашағына қызмет етеді» - деп атады.

WhatsApp Image 2022-10-29 at 17.26.13.jpeg

Халықаралық симпозиум жұмысына «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» бас директоры А.Қ.Саданов,  «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» басқарма төрағасы Д.С.Балпанов, «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» басқарма төрағасы Т.Е.Айтбаев, «Генетика және физиология институты» бас директоры Г.С.Жунусова, «Ө. Ө. Успанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу» институты басқарма төрағасы Р.Х.Рамазанова, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» басқарма төрағасы  Ш.О.Бастаубаева, «Ботаника және фитоинтродукция институты» бас директоры  Г.Т.Ситпаева, «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» басқарма төрағасының орынбасары С.Ж.Қазыбаева, «Генетика және физиология институты» Орман дақылдарының генетикасы және көбеюі зертханасының меңгерушісі Э.А. Шаденова, Жануарлар генетикасы және цитогенетика зертханасының меңгерушісі А.С.Мусаева, белгілі ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орнының оқытушысы-профессорлық құрамы, студенттер мен жас ғалымдар қатысты.

ҚазИТУ Инженер маман дайындайтын ҚР ЖОО мен білім беру бағдарламалары рейтінгінде алдыңғы ондықтар қатарында. Жаңа Қазақстандағы жаңа университетке айналу барысында  ҚазИТУ 2020-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасына  өзгерістер енгізе отырып, маңызды перспективалы даму бағыттарын жыл сайын айшықтап келеді. Бүгінде  университетте  бәсекеге қабілетті заман талабына сай жаңа білім беру бағдарламалары енгізіліп, білім беру сапасын қатамасыз ету және арттыру мақсатында ҚазИТУ 2016, 2021 жж. институционалды және 2017, 2022 жж. мамандандырылған аккредитациядан жемісті өтіп, шетел эксперттерінің жоғары бағасына ие болды.

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде ұйымдастырылған халықаралық симпозиумда отандық белгілі ғалымдар мен қатар шетелдік ғалымдардың да өзекті баяндамалары тыңдалды. 

WhatsApp Image 2022-10-29 at 17.26.11 (1).jpeg

 «Микробиология және вирусология» ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры, белгілі ғалым, биология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері , әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлық иегері  Аманкелді Саданов: «Бүгінде Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде  ғылым саласы мен оқу процесі тең дәрежеде қарқынды даму үстінде. Бәсекеге қабілетті , сапалы маман даярлау жолында ғылыми-зерттеу институттарымен тұрақты тәжірибе алмасу жүйесі жоғары дамыған. Бүгінгі Халықаралық симпозиум жұмысының жоғары дәрежеде өтуі осыған дәлел. Білім мен ғылымды ұштастырып жүрген ҚазИТУ-дың оқытушы-профессорлық құрамының біліктілігі мен кәсібилігіне жоғары баға бергім келеді» - деп  түйіндеді. 

WhatsApp Image 2022-10-29 at 17.26.11.jpeg

Келесі кезекте Қазақстан Республикасы Көшет өндіру қауымдастығының басқарма төрағасы С.Т.Садықов, Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры  Г.Т.Ситпаева да өз пікірін білдірді.

Жиын соңында ғылыми-зерттеу институттары мен білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты орнату мен дамыту, Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің "International Hub" Халықаралық ғылыми-білім беру орталығының қызметі шеңберінде кәсіби кадрларды даярлау және қайта даярлау саласындағы білім беру жобаларын іске асыру, бірлескен ғылыми жобаларды, ғылыми іс-шараларды (форумдар, симпозиумдар, конференциялар, сараптамалық кездесулер) ұйымдастыру мен өткізуді іске асыру мақсатында тараптар арасында меморандумға қол қойылды.

WhatsApp Image 2022-10-29 at 17.26.10 (1).jpeg



Ұқсас тақырыптар