Ауыс-түйіс: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысы ауысты...

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлық шығарып, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысын ауыстырды.

1794812910689598.jpg

(Суреттер: tengrinews.kz және inform.kz сайттарынан алынды)

Ермек Сағымбаев қызметінен алынып, орнына Марат Ирменов тағайындалды.

Ақорда Жарлығында:

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымынан босатылды», - деп жазылған.

Бұрын Мемлекеттік күзет қызметін басқарған Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев ҚР ҰҚК тізгінін 2022 жылодың қаңтарынан бастап ұстаған.

Тағайындау туралы Жарлықта:

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - деп жазылған.

Ал Марат Ирменов 2025 жылдың қазан айынан бері ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген.

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар