ҚР ҰҚК: «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары ұсталды!

Бүгін әлеуметтік желілерде Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында шабадан толы доллардың шашылып жатқаны түсірілген видео жария болған.

1794469743341371.jpg

(Суреттер: kapital.kz сайтынан алынды)

Ал бүгін ҚР ҰҚК «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан темір жолы» басшылары ұсталғанын мәлімдеді.

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Елжас Отыншиев және өзге де тұлғалар жемқорлық күдігімен ұсталды.

ҚР ҰҚК хабарламасында:

«2026 жылғы 11 қарашада ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының Төрағасы Н.Жақыпов пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Е.Отыншиевті және сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен басқа да адамдарды ұстады. Істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және «Заң және тәртіп»қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жалғасуда», - деп жазылған.

Елжас Отыншиев – «ҚТЖ» басшылығына 2026 жылодың шілде айында келген.  2023 жылғы сәуірден бастап осы уақытқа дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры – Басқарма мүшесі қызметін атқарды. Бұл лауазымда Қордың мұнай-газ, теміржол, тау-кен өндіру және басқа да секторлардағы портфельдік компанияларын басқаруға жауапты болды. 2024 жылғы ақпаннан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

Нұрлан Жақыпов – «Самұрық-Қазына» тізгінін 2023 жылдың сәуір айында ұстаған.

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар