Ерлан Қарин: Қазақстан – бірегей дала өркениетінің алтын бесігі

Алматыда Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық және ғылыми мұрасына арналған «Философия. Этика. Болашақ» халықаралық симпозиумы өтті. Жиында Вице-Президент Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғылымды дамытуға айрықша көңіл бөліп отырғанын жеткізді.

1793977238102018.jpeg

(Сурет: akorda.kz сайтынан алынды)

«Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында да келер ұрпаққа жоғары технологияға, білім мен ғылымға табан тіреген күшті Қазақстанды аманат ету қажет екенін ерекше атап өтті. Сол үшін де «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жариялады. Соның аясында еліміздің барлық аймағында жүздеген ғылым, мәдениет, спорт және басқа да әлеуметтік, инфрақұрылымдық нысандар бой көтеретін болады. Бұл нысандар халықтың игілігіне қызмет етеді. Сондықтан да, «Халықтық құрылыс» деген кең ауқымды мазмұнға ие болды. Президенттің Жолдауда айтқан «Құрылыс және тағы да құрылыс» деген үндеуі – Қазақстанның экономикалық саясаты ғана емес, бұл – белгілі бір дәрежеде идеологиялық формула. Себебі, бұл – жасампаздыққа бағыттайды. Бұл баршамыз жұмыла бірге еңбек етіп, саламыз, жасаймыз, құрамыз дегенді меңзейді. Сондықтан да, бұл – Қазақстанның экономикалық саясаты ғана емес, тіпті идеологиялық ұстыны да», деді Ерлан Қарин.

Вице-Президент мұның бәрі – Президенттің экономикасы қуатты, технологиясы дамыған, білімі мен ғылымы озық, жасампаз әрі өркениетті ел құру жолындағы табанды, жігерлі қадамдары екенін атап өтті.

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар