АҚШ президенті Трамп пен оның командасы Ресей мен Украина арасындағы алапат отты сөндіре алмай, тараптарды бітімге келтіре алмай жатқаны белгілі.

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)
АҚШ тарабы әзірлеген бірнеше жолғы бітім жобасын Киев ішінара қолдағанымен, Ресей тарабы ұрысты тоқтатудан үзілді-кесілді бас тартуда.
АҚШ ПЕН УКРИАНА ОСЛОДА КЕЛІСІМ ТАБА МА?
Бүгін Норвегия астанасында АҚШ пен Украина делегациялары тағы жолығады. АҚШ тарабынан Ақ үйдің арнайы өкілдері Стив Уиткофф, Украина тарабынан президент Зеленский бастаған бір топ бара жатыр...
Бұл жиынға төреші – Норвегия премьері Йонес Гар Стере болмақ. Сондай-ақ, келіссөздерге Еуропадан Финляндия, Ұлыбритания, Франция мен Германия өкілдері, ЕО мен НАТО өкілдері де қатыспақ.
Бастамашы болған – Украина. Талқыланатын басты мәселе де – Украинадағы соғыс.
ЕУРОПА ҰСЫНЫСЫ: ЖЕРГЕ – АҚША НЕМЕСЕ НАТО-ҒА МҮШЕЛІК...
Трамп пен Зеленский арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп, Вашингтонның Киевке қолдауы азайған тұста Еуропа басшылары Украинадағы соғысты тоқтату туралы Кремльмен өз бетінше келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр.
«Financial Times» басылымының жазуынша, таяуда Еуропа елдерінің басшылары президент Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлеспек. Ресей-Еуропа арасындағы ықтимал келіссөздер барысында Путинге соғысты аяқтаудың екі нұсқасы ұсынылуы ықтимал.
Бірінші сценарий бойынша – еуропалықтар қақтығысты қазіргі майдан шебінде тоқтата тұруды ұсынады. Ал бұған қарымта ретінде Ресейге Украинаның НАТО-ға ешқашан мүше болмайтыны туралы кепілдік береді.
Екінші сценарий бойынша – Украина Ресейге Донбастың қалған бөлігін береді, бірақ осыдан кейін НАТО құрамына кіреді.
Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы Марко Рубио Украинадағы соғыс «стратегиялық тығырыққа» тірелгенін, өйткені Ресей Донбасқа толық бақылау орнатуды талап етіп отырса, Киев бұдан үзілді-кесілді бас тартатынын мәлімдеген еді.
FT ақпараты бойынша, Еуропа Ресейге қарсы санкциялар мен Украинаға көрсетілетін қолдауды өте маңызды деп санайды. Сондықтан бітімгершілік жобаларға тікелей қатысуды олар қажеттілік ретінде қарастыруда. Оның ішінде «АҚШ қаржылай көмекті тоқтатқаннан кейін Украинаны тығырықтан алып шығып отырған» дәл осы еуропалық ақша екені де түсінікті.
Mezgil.kz