ҚР ІІМ ата-аналарға үндеу жасады!

1792234092308763.png

(Сурет: Видео скрині)

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

Ішкі істер министрлігі Сіздерді балалардың тәрбиесі мен қауіпсіздігіне, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөлуге шақырады.

Жыл басынан бері түрлі құқық бұзушылықтарға байланысты
164 000 кәмелетке толмаған ішкі істер органдарына жеткізілген.

Бұл — баршамызды ойландыратын маңызды мәселе.

Жасөспірімдер арасындағы буллинг, төбелес, әлімжеттік және өзге де құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу — ортақ міндетіміз.

Құрметті ата-аналар, балаларыңыздың бос уақытын қалай өткізетінін бақылаңыздар. Олармен ашық сөйлесіп, мәселелерін тыңдап, өзгені құрметтеуге және заң талаптарын сақтауды түсіндірініздер.

Сонымен қатар, балаларыңыздың түнгі уақытта көшеде қараусыз жүрмеуін, ойын-сауық орындарында заң талаптарын сақтауын қадағалаңыздар. Жол қозғалысы ережелерін түсіндіріп, қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

Балаларымыздың қауіпсіздігі мен жарқын болашағы үшін бәріміз жауаптымыз! Мектеппен және полициямен бірлесе отырып, құқық бұзушылықтардың алдын алуға атсалысайық!

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар