C5+1: Сеул мен Астана арасындағы жаңа геосаяси белес...

2015 жылдан бері қалыптасқан C5+1 дипломатиялық диалог алаңы жаһандық текетірес пен экономикалық трансформация кезеңінде сапалық жаңа деңгейге көтеріліп отыр.

1789370654347029.jpg

(Суреттер: Ақорда телеграм арнасынан алынды)

Бұған дейін Орталық Азияның бес елі — Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан мен Америка Құрама Штаттарының сыртқы саяси ведомстволарын біріктіретін бұл формат дәстүрлі түрде Уашингтон немесе өңірлік астаналармен шектеліп келсе, бұл жолы дипломатиялық геореңк өзгеріп, саммит Корея Республикасының төрағалығымен және қатысуымен өтуде. Бұл қадам Азия құрлығының екі маңызды нүктесі — Орталық Азия мен Шығыс Азия арасындағы көпірді нығайтып қана қоймай, жаһандық ойыншылардың өңірдегі ықпал үшін күресіне жаңа мазмұн қосты десек еш жағылыспаймыз.

Әсіресе, осы маңызды дипломатиялық үдеріс 14 қыркүйек күні орын алып отырған халықаралық күн тәртібіндегі түбірлі өзгерістер мен шырғалаң геосаяси оқиғалар аясында өтіп жатыр. Дәл осы кезеңде жаһандық логистикалық дәліздердің қайта пішімделуі, сирек кездесетін металдар мен маңызды шикізат ресурстары үшін бәсекелестіктің ушығуы және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері әлемдік саясаттың өзегіне айналды.

ҚАЗАҚСТАН МЕН ОҢТҮСТІК КОРЕЯ: СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы байланыс жыл сайын артып келеді. Бүгін мемлекет басшысы Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапармен барды. Бұған дейін Оңтүстік Кореяның президенті Ли Чжэ Мёң Қазақстан басшысын ресми сапармен келуге шақырған болатын.

Сапар барысында тараптар ғылым-білім саласындағы әріптестік, экономика, мәдениет, сауда-саттық, жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы байланыс және басқа да маңызды бағыттарды талқыламақ.

Екі елдің арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылы орнады. Осы уақытқа дейін Оңтүстік Корея бізге 10 миллиард доллардан астам инвестиция салып, еліміздегі негізгі шетелдік инвесторлардың ондығына енді. Ал өзара сауда қатынасы жыл сайын қарқынды дамып, былтыр 3,1 миллиард доллардан астам көрсеткішке жетті.

Қазақстан үшін Оңтүстік Корея – озық технология, инвестиция және өндірісті жаңғырту тұрғысынан маңызды серіктес саналады. Ал Корея үшін Қазақстан – энергетикалық және минералдық ресурстарға қол жеткізу, кең Орталық Азия нарығына шығу және жаңа өндірістер орналастыруға аса қолайлы геостратегиялық алаң болып табылады. Қазір тараптар қолданыстағы бағыттарды тереңдетіп қана қоймай, басқа да жаңа салаларды бірлесе дамыту жағын жан-жақты ойластыруға көшті.

СЕУЛ САММИТІ ЖӘНЕ КӨПВЕКТОРЛЫ ДИПЛОМАТИЯ

Орталық Азия мемлекеттері үшін бұл үдеріс тек АҚШ-пен ғана емес, сонымен бірге оның Азиядағы негізгі одақтастарымен теңгерімді диалог жүргізудің тиімді тетігіне айналып келеді. Оңтүстік Кореяның «K-Silk Road» (Жібек жолы) стратегиясы мен жоғары технологиялық әлеуеті Орталық Азияның минералдық-шикізат базасымен және транзиттік мүмкіндіктерімен тамаша үндеседі.

Бүгінгі таңдағы халықаралық жағдай өңір елдерінен аса сақ әрі теңгерімді саясатты талап етіп отыр. Жаһандық жеткізу тізбектерінің үзілуі және логистикалық дағдарыстар жағдайында Орталық Азия арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (Орта дәліз) маңызы күрт артты. Сеулде өтіп жатқан кездесулерде бұл тақырып өңірдің геоэкономикалық субъектілігін айшықтай түсетін басты өзектің біріне айналуда.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҰСТАНЫМЫ МЕН ҰЛТТЫҚ МҮДДЕЛЕР

Осы тұста Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиялық ұстанымы мен салиқалы саясаты ерекше маңызға ие. Мемлекет басшысы әлемдік аренада Қазақстанның мүддесін барынша қорғаумен қатар, Орталық Азияның біртұтас және конструктивті әріптес ретіндегі халықаралық беделін арттыруға басымдық беріп келеді.

14 қыркүйектегі жаһандық өзгерістер мен нақты оқиғалар контексінде Президент Тоқаев мынадай үш бірдей негізгі басымдықтарға арқа сүйейді. Тарқатып айтар болсақ:

1. Транзиттік-көліктік әлеуетті іске қосу: Санкциялық шектеулер мен логистикалық түйіндер жағдайында Қазақстанның өңіраралық және континентаралық сауда жолдарының негізгі торабы ретіндегі рөлін күшейту, Орта дәлізді дамытуға жаңа инвестициялар тарту өз өзектілігін татытты.

2. Сирек металдар және жасыл энергетика/ЖИ: Технологиялық революцияның драйвері болып табылатын сирек жер элементтерін өндіру, терең өңдеу және жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту бағытында стратегиялық әріптестік орнату. Қазақстан бұл бағытта тек шикізат көзі ғана емес, жоғары қосылған құн жасайтын орталық болуға ұмтылу орын ала бастады.

3. Өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылық: Халықаралық жағдайдың ушығып тұрған тұсында Орталық Азияның тұрақтылық белдеуін сақтау, сыртқы сын-қатерлердің экономикалық және әлеуметтік салдарының алдын алу басты орынға шықты.

Қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесі мемлекеттердің нақты мүмкіндіктері мен серіктестік әлеуетін таразылайтын сынақ кезеңінен өтуде. Бір жағынан, аса ірі державалардың текетіресі күшейсе, екінші жағынан, Орталық Азия сияқты динамикалық өңірлердің дербес сыртқы саясат жүргізу қабілеті арта түскенге әлемге аян болды. Сеулде өтіп жатқан жоғары деңгейдегі саммит пен мемлекеттік сапарлар Қазақстанның әлемдік картадағы орнын нығайтып, көпвекторлы және прагматикалық саясаттың өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.

Президент Тоқаевтың бұл бағыттағы салиқалы бастамалары мен ұстанымдары еліміздің ұлттық мүдделерін қорғауға және жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұруға бағытталған сенімді іргетас болып қала бермек. Және оның алтын арқауын Сеулде сезінеді.

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар