Құрылтай сайлауы: ҚР ОСК сайлау қорытындысын жариялады

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚР Құрылтайына депутаттарды сайлау бойынша дауыс берудің қорытындылары.

1787643153223337.jpg

(Сурет: ҚР ОСК сайтынан алынды)

Ол бойынша:

1. «Әділет» партиясы – 71.17 пайыз (6 528 948 дауыс) алған. Бұл Құрылтайдың 110 депутаты деген сөз.

2. «Ауыл» партиясы – 6,26 пайыз (574 621 дауыс) алған. Бұл Құрылтайдың 10 депутаты деген сөз.

3. «Республика» партиясы – 5,56 пайыз (509 631 дауыс) алған. Бұл Құрылтайдың 9 депутаты деген сөз.

4. «Ақ жол» партиясы – 5,21 пайыз (478 083 дауыс) алған. Бұл Құрылтайдың 8 депутаты деген сөз.

5. ЖСДП партиясы – 5,11 пайыз (469 058 дауыс) алған. Бұл Құрылтайдың 8 депутаты деген сөз.

Ал Құрылтайға өту үшін керекті 5 пайыздың межегі еңсере алмаған 2 партия болды. Олар:

ҚХП партиясы – 3,11 пайыз (285 395 дауыс) алған.

«Байтақ» партиясы – 1,07 пайыз (97 751 дауыс) алған.

Ал «бәріне қарсы» дауыс бергендер – 2,51 пайыз.

Осышайша алғашқы бір палаталы Құрылтайға 5 партия өтті.

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар