Қош бол, қос тіл: Алматының көше атауының қазақша келбеті...

Атам қазақ «Бір тойда  екі қалыңдық жоқ» дейді. Сол сияқты Ата Заңымызда титулды ұлттың тілі «Мемлекеттік тіл» көрсетілді ме, оған БҰҰ  енген тілдер (бұл орайда, ағылшын мен орыс) қосанжарласпауға тиіс. Және қазіргі ЖИ заманында қолында ұялысы бар шетел азаматы да, екіауыз қазақша білмейтін отандастарымызда қазақша жазудың не екенін ұғына алады.

1786521277491592.jpg

(Суреттер: Р.Асқарбекұлының желідегі парақшасынан алынды)

Ірі мегаполис саналатын қалалық кеңістікті қазақшалау: Алматының заманауи даму қадамдарының ең бастысы болып саналады.

Алматы — еліміздің экономикалық, қаржылық және туристік хабы. Соңғы жылдары қалалық инфрақұрылымды жаңарту аясында көше атаулары мен ақпараттық тақташаларды толықтай қазақ тіліне ауыстыру бастамасы жиі талқыланып келеді. Көше атауларын тек қазақ тілінде бекіту — қаланың ақпараттық кеңістігін ретке келтіріп, оны заманауи стандарттарға сай сәйкестендірудің тиімді тетігі екенін өзге тілді ұлттылық азшылық түсіністікпен қарап, патриоттықпен қабылдауға тиіс.

Көптеген дамыған елдерде мемлекеттік ақпарат, бағыттауыштар және көше атаулары тек мемлекеттік тілде беріледі, ал халықаралық стандарттар үшін қажет болған жағдайда пиктограммалар (символдар) қолданылады. Алматыда көше атауларын тек мемлекеттік тілде транслитерациясыз жазу — ақпараттың шашыраңқылығын азайтып, визуальды артық сөздерден арылуға мүмкіндік бередігінде ескеруге тиіспіз.

Бұл қадамның тағы бір маңызды қыры — ономастикалық сауаттылықты арттыру болып табылатындығы айтпаса да түсінікті. Көше атаулары орыс тілінің грамматикасына ыңғайланып немесе екі тілде қатар жазылғанда, терминдердің бұрмалануы жиі кездеседі. Мәселен, «Достық даңғылы» немесе «Абай проспектісі» сияқты аралас атаулардың орнына бірізді қазақша түрінің орнығуы қала көркін арттырады.

Сонымен қатар, цифрландыру заманында навигациялық жүйелер (GPS, Google Maps, 2GIS) арқылы кез келген турист өз тіліне картаны аударып ала алады. Ал қаланың физикалық ортасында тек қазақ тілінің сақталуы — мемлекеттік суверенитет пен тіл саясатының айқын көрінісі болмақ.

Түйіндей келгенде, көше атауларын толық қазақшалау — бұл бұрынғы тарихи әділетсіздіктерді орнына келтіріп қана қоймай, Алматыны айқын ұлттық сипаты бар заманауи мегаполиске айналдыратын маңызды реформа. Және деколонизация мен десоветизацияның белең алуына түрткі болатын алғы шарт.

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар