Патриотизм көпшілік үшін қарапайым нәрселерден басталады!

Патриотизм көпшілік үшін қарапайым нәрселерден басталады. Бұл — өз еліңе, оның тарихы мен дәстүрлеріне деген құрмет деп санағанымыз ләзім.

1785837713121281.jpg

(Сурет: kisi.kz)

Бұдан бөлек, Қазақстанда мемлекеттік рәміздерге — туға, елтаңбаға және әнұранға ерекше мән беріледі. Олар елдің тәуелсіздігін, даму жолын және халықты біріктіретін құндылықтарды еске салады. Жаңа Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша өткен референдум да осы тақырыппен тығыз байланысты болып келгені жасырын емес.

Адам мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді мектеп қабырғасында жүрген кезінде-ақ сезінеді. Салтанатты шараларда әнұран шырқалып, ту көтерілген сәттерде бойымызда өз елімізге деген сүйіспеншілік пен бауырластық сезімі оянады. Уақыт өте келе мемлекеттік рәміздердің тек ресми белгілер емес, ұлттық болмыстың маңызды бөлігі екенін түсіне бастаймыз.

Ашығын айтар болса, патриотизм тек салтанатты жиындарда ғана көрінбейді. Ол адамдардың күнделікті өмірінен де байқалады. Мәселен, мәдениет пен дәстүрді құрметтеуден, қоғамдық шараларға қатысудан немесе ел дамуына үлес қосуға деген ұмтылыстан да көрініс табады. Мысалы, бүгінде көптеген жастар волонтерлік жобаларға, әлеуметтік және мәдени шараларға белсене қатысып, өздерінің азаматтық белсенділігін көрсетіп жүр. Сондай-ақ қоғам үшін бірлік пен тұрақтылық құндылықтарының орны бөлек. Қазақстан — әрдайым әртүрлі ұлт өкілдері мен мәдениеттер тату-тәтті өмір сүрген мекен екенін әлемге сөзбен емес, ісіміен молынан дәлелдеп жүр. Қазақ елінің тұрғындары өзарасындағы діни, тілдік т.б, айырмашылықтар мен өзгешеліктерге қарамастан, олардың басын бейбітшілікке, өзара құрмет пен ынтымақтастыққа деген ортақ ұмтылыс біріктіреді. Дәл осы ауызбіршілік қоғамдағы тұрақтылық пен сенімді сақтауға көмектеседі.

Бүгінде патриотизм тақырыбы қоғамда, әсіресе жастарға тәрбие беруде жиі сөз болып жүр. Сала мамандарының айтуынша, Отанға деген сүйіспеншілікті жай сөзбен емес, нақты іспен көрсету маңызды болып табылады. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, қоғам өміріне араласу және ел болашағы үшін жауапкершілікті сезіну біртіндеп шынайы патриоттық сезімді қалыптастырады.

Осы арада арайы сөз ететін дүние «Жаңа Конституция» — бұл жай ғана заңдық құжат емес, мемлекет дамуының маңызды бағыты екені барша отандастарымызға түсінікті болды. Жастар үшін реформалардың мәнін түсініп, ел өміріне белсене қатысу өте маңызды екені айқын танылды.

Қазақстанда мемлекеттік нышандарға деген құрметті арттыру бағытындағы жұмыстар белсенді түрде жалғасып жатыр. Осы мақсатта ел көлемінде біршама ағартушылық және патриоттық жобалар жүзеге асырылуда.

Бұл бағыттағы маңызды қадамдардың бірі — Мемлекеттік ту, елтаңба және әнұранды пайдалану ережелерінің жаңартылуы. Маңызды өзгерістер 2026 жылдың мамыр айында күшіне енді.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, документация және кітап ісі комитетінің төрағасы Айзада Құрманованың айтуынша, бұл түзетулер мемлекеттік нышандарды қолдану тәртібін заман талабына сай етіп, ортақ бір жүйеге келтіруге бағытталған.

Осы тұрғыда Заңымыз бен Заңнамамызға енгізілген өзгерістер мемлекеттік нышандарды пайдалану тәртібін жетілдіруге, қолданыстағы нормаларды заманға сай өзектендіруге және мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың оларды бірқалыпты, дұрыс қолдануын қамтамасыз етуге арналып отыр.

Жаңа ережелерде Мемлекеттік туды орнату мен пайдаланудың нақты талаптары бекітілгенін жоғарыда сөз еттік. Ал азаматтардың бұл талаптарды оңай түсініп, еркін меңгеруі үшін Мәдениет және ақпарат министрлігі өңір-өңірде түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп жатыр. Оның аясында студенттер, жастар, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен белсенді азаматтардың қатысуымен оқыту семинарлары, дөңгелек үстелдер мен кездесулер ұйымдастырылып игілікті істер жүзеге асырылды. Бұл шаралардың басты мақсаты — заң талаптарын түсіндіріп қана қоймай, мемлекеттік нышандардың ел үшін қаншалықты қасиетті екенін ұғындыру екені айтпасада түсінікті.

Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге де ерекше мән берілуде. Мәселен, еліміздің мектептерінде әр аптаның дүйсенбісін Мемлекеттік әнұранды шырқаудан бастау игі дәстүрге айналды. Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай бастама оқушылардың бойында азаматтық жауапкершілік пен нышандарға деген құрметті қалыптастырып, ұлттық бірегейлікті нығайта түседі.

Бұл бастамалардың барлығы кешенді түрде жүзеге асырылып, қоғамда, әсіресе жастар арасында мемлекеттік нышандарға деген шынайы құрмет пен патриоттық сезімді ұштауға ықпал етуде.

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар