«Ақ жол» демпартиясының үгіт-насихат тобы Ақтөбе облысындағы жұмыс кездесулерін бастады

Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында «Ақ жол» демпартиясының төрағасы Дания Еспаева мен партияның үгіт-насихат тобы темірбетон бұйымдары мен құрылыс конструкцияларын өндіруге маманданған «Стройдеталь» ЖШС-де болып қайтты.

1785317457952481.jpg

(Сурет: «Ақ жол» демократиялық партиясынан алынды)

Кәсіпорын басшылығы партия өкілдерін өндіріс жұмысымен таныстырып, компанияның қызметі, саланың қазіргі ахуалы туралы баяндап, отандық өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға қатысты өз көзқарастарын ортаға салды.

Еңбек ұжымы алдында сөз сөйлеген Дания Еспаева «Ақ жол» демократиялық партиясы сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, отандық өндірісті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайту және кәсіпкерлікке қолайлы жағдай қалыптастыру мәселелеріне ерекше тоқталды.

Ашық диалог барысында кәсіпорын қызметкерлері экономика, құрылыс саласын дамыту, еңбек жағдайы және өзге де өзекті мәселелерге қатысты сұрақтарын қойды. Барлық сауалдарға жан-жақты жауап берілді.

Кездесу соңында қатысушылар «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдеріне мазмұнды диалог үшін алғыс білдіріп, еңбек ұжымдарымен тікелей жүздесудің маңызын ерекше атап өтті.

Ескерту: Материалдың ақысы «Ақ жол» - Қазақстанның демократиялық партиясының сайлауалды штабы қорынан төленді. 

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар