«Mezgil.kz» ақпараттық порталының (бұдан ары – Сайт) меншік иесі – «AN Media» ЖК.

(Сурет: egemen.kz)
2026 жылдың 23 тамызына тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет-алаңдарды беру шарттары, тəртібі жəне ақы мөлшері туралы хабарлайды.
Сайлау алдындағы үгіт 2026 жылғы 23 шілдесі сағат 18:00-де басталып, 2026 жылғы 22 тамызда сағат 00:00-де аяқталады. Осыған байланысты сайлау алдындағы үгіт материалдары Сайтта заңнамада белгіленген мерзімдерде ғана орналастырылады.
Сайт интернет-алаңды саяси партияның жазбаша өтініші жəне Сайттың меншік иесі мен саяси партияның уəкілетті өкілі арасында жасалған шарт негізінде ұсынады. Үгіт материалдарының көлемі, орналастыру мерзімі, саны жəне өзге де талаптар саяси партияның жазбаша өтінішінде көрсетіліп, кейіннен шартта бекітіледі.
Осыған байланысты:
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28-бабының 3-тармағына сәйкес 2026 жылдың 23 тамызында өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында саяси партиялардың сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін басылым алаңдарын беру шарттары мен тәртібі жөнінде, төлем мөлшері туралы хабарлаймыз.
Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет алаңдарын берудің жалпы шарттары мен тәртібі:
Сайтқа жазбаша өтініш осы Ақпараттық хабарлама негізінде демалыс және мереке күндерін қоспағанда күн сайынғы сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абылай хан көшесі, 105 үй, 1 қабат, 2 кеңседе қабылданады.
Жарияланымдарда қаржыландыру көздері, олардың төленуі туралы ақпараттар болуға тиісті.
Баспалық материалдарды орналастырудың кезектілігі жазбаша өтіншітердің келіп түсу реттілігіне байланысты сайттың меншік иесімен белгіленеді.
Үгіттік баспа материалдарын берудің тәртібі:
Сайтқа үгіттік баспа материалдары мақала жарық көретін датаға 1 (бір) күнтізбелік күн қалғанға дейін модульдер немесе мақалалар түрінде тапсырылуға тиісті.
Сайтқа берілген материалдарда конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, Республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігін бүлдіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық алауыздық тудыруға, сондай-ақ заңмен қарастырылмаған және заңмен қарастырылған тағы басқа да негіздерде әскерилендерілген құрылымдар құру идеялары көрініс берген жағдайда үгіттік интернет материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.
Сайт саяси партиялардың абыройы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұсқан келтіретін ақпараттар болған жағдайда үгіттік интернет материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет алаңдарын берудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органдардың талабына сай түзетілуі мүмкін.
Сайт алаңдарын төлеудің тәртібі мен мөлшері:


Mezgil.kz