Лапылдап жанған Киево-Печерск лаврасы: Путин енді «Құдайға қарсы соғысуда»

Кеше түнде Ресей Киев бастаған Украина аумағын зымырандармен және дрондармен соққылады. Украина ҚК мәліметінше, Ресей жиыны 600-ге жуық дрон мен 70-ке тарта зымыран атқан.

1781516943978873.png

(Сурет: ЖИ арқылы жасалды)

КИЕВО-ПЕЧЕРСК ЛАВРАСЫ: ӘЛЕМДІК МӘДЕНИ МҰРАҒА ШАБУЫЛ

Сорақысы сол – бұл жолғы шабуыл әскери нысандардан гөрі, қарапайым халықтың тыныштығын, сондай-ақ баға жетпес тарихи-мәдени мұраларды нысанаға алғандай әсер қалдырады.

Соққыға ұшыраған нысандардың ішіндегі ең ауыры – Киевтегі Киево-Печерск лаврасы. Бұл кешен тек православ христиандары үшін ғана емес, бүкіл әлемдік мәдени мұра үшін де маңызы зор киелі орын еді.

ХІ ғасырда іргетасы қаланған бұл кешен тарихында талай зобалаңды бастан өткерді. Бату ханның шапқыншылығынан бастап, жер сілкінісіне, большевиктердің тонауы мен Екінші дүниежүзілік соғыстың қиратуларына төтеп беріп, қайта түлеген ежелгі жәдігер еді.

Ал кеше түнде ол тағы да шабуылға ұшырады. Бұл жолы – Ресей басқыншылығы тарихи ғимаратты ортқа орандырды.

Ресей шабуыллдарынан Лавра аумағында өрт шығып, басты ғимарат – Успенский соборының шатыры жалынға оранды. Оқ ғимаратқа тікелей тиген.

1781516898994997.jpg

(Сурет: bbc.com)

«ХРИСТИАН МӘДЕНИЕТІНЕ ЖАСАЛҒАН ЕҢ ІРІ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ БІРІ»

Лавраның дін қызметкері – епископ Авраамий бұл жағдайды ауыр қабылдап, дінбасылар мен құтқарушылардың жедел әрекет етуінің арқасында ғана құнды жәдігерлер мен ежелгі иконаларды сақтап қалуға мүмкіндік туғанын мәлімдеді.

Украина басшылығы бұл оқиғаны адамзат тарихына қарсы жасалған қастандық деп бағалады. Украина президенті Владимир Зеленский бұл соққыны «христиан мәдениетіне жасалған ең ірі қылмыстардың бірі» деп атады.

Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига болса, Лавраға соққыны нағыз «варварлық әрекет» деп атап, ЮНЕСКО мен халықаралық қауымдастықты Ресейдің бұл қадамына қатысты дереу және батыл жауап қайтаруға шақырды. Оның пайымдауынша, бұл жер – ЮНЕСКО-ның ерекше қорғауындағы нысан, сондықтан халықаралық деңгейде тиісті процедуралар басталатынын жеткізді.

Осылайша, «Құдайтың атынан сөйлегенде» өзін де, өзгені де сендіре лепіретін Ресей президенті Владимир Путиннің сөзі мен ісі қабыспай, әлемге кезекті рет масқара болып отыр.

ПУТИН ҚҰДАЙҒА СЕНЕ МЕ, ӨЗІН «ҚҰДАЙ» САНАЙ МА?

Бұлай дейтініміз – Ресейбасы Путин Украинаға қарсы соғыс басталғалы-бері бірнеше жолы Құдайды аузына алып, өзін «христиандарды қорғаушы» деп сөйлеген еді. Қараңыз:

2024 жылдың наурызы – Жастар фестивальінде сөз сөйлеп: «Ресей деген – сондай бір мемлекет, Ресейді Құдайдың өзі басқарып отыр. Олай болмас а, күні бүгніге дейін Ресей болмас па еді?!», - деген.

2024 жылдың желтоқсаны – президент Путин журналистерге: «Мен Құдайға сенемін, ал Құдай бізбен бірге», - деп сөйлеген.

2025 жылдың ақпаны – әскерилерді марапаттап тұрып: «Бұл соғыстың осылай басталуы – Құдайдың қалауы», - деген.

2025 жылдың желтоқсаны – жыл қорытындысында президент Путин: «Құдайға шүкір – Құдай Ресейді ешқашан жалғыз қалдырмайды», - деп айтты.

2026 жылдың маусымы – Петербор форумында Путин: «Жаратушы иеміз әрқашан Ресейдің жағында», - деді.

Енді осылардың ішіндегі ілгеріде айтқан ең танымал сөзін еске түсірейік:

2018 жылы Ресей президенті Путин «Валдай» дейтін экономикалық форумда: «Агрессор білсін. Бәрібір кектің қайтарылатынын білсін. Ол жер бетінен жоқ болады. Ал біз ше? Біз сол агрессордың құрбанымыз. Біз азапталушы ретінде жұмаққа кіреміз. Ал олар, олар – өледі. Өйткені, олар кешірім сұрап та үлгермейді», - деп сөйлеген еді.

Путин жұртты жұмақ пен тозаққа бөліп жатқан бұл кез – Ресей Украинадан Қырымды аннаекциялап, Донбассқа ауыз сала бастағалы бақандай төрт жыл болған кез еді.

Енді міне, алайда, дін атын атап, Құдайдың қолдауына сенім білдірген Путиннің христиандық қасиетті орындарды өз зымырандарының нысанасына байлауы – Кремльдің қанқұйлы саясатының қандай екендігін көрсетсе керек.

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар