Айбынды әскер мен қаһарман жауынгер қалыптасатын қала: Алматыда әскери сала қалай дамуда?

Әлемде геосаяси жағдау ушығып, қақтығыс ошақтары артты. Қазақстан бейбіт һәм қақтығыстардан бейтарап ел. Алайда «жау жоқ деме, жар астында» деген ата-бабамыздың тәмсілін жадымызға түйген ұрпақпыз. Сол үшін де қорғаныс саласын күшейту, әскердің беделін арттыру міндеттерін жүзеге асырудамыз. 

1780041076179702.jpeg

(Сурет: aikyn.kz)

Алматы қаласында көптеген әскери оқу орындары орналасқан. Әскери бөлімшелер, академиялар мен университеттер бар. Әскери институттар да қалада аз емес. 

2026 жылы Алматы қаласында әскери қызметтің беделін арттыру, жастар арасында патриоттық тәрбиені нығайту және құқық қорғау органдары мамандықтарын кеңінен насихаттау бағытындағы жұмыстар жаңа деңгейге көтерілді. Қалада әскери бөлімдер, қорғаныс істері жөніндегі департамент, жастар ұйымдары, білім беру мекемелері және құқық қорғау құрылымдары бірлесіп көптеген ақпараттық және тәжірибелік іс-шаралар өткізуде.

Қазіргі кезеңде әскери қызмет тек Отан алдындағы міндет қана емес, сонымен қатар кәсіби тәртіпті, жауапкершілікті және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыратын маңызды мектеп ретінде қарастырылып келеді. Осыған байланысты Алматыда жастардың әскери салаға қызығушылығын арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылуда.

2026 жылдың көктемінде Алматы қаласында «Жас бүркіт-2026» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Аталған іс-шараға қаладағы сегіз ауданнан мектеп оқушылары мен әскери-патриоттық клубтардың мүшелері қатысты. Жиын барысында қатысушылар әскери-қолданбалы спорт түрлерінен, саптық дайындықтан, қару-жарақты бөлшектеу-жинаудан, командалық жарыстардан сынға түсті. Бұл шара жастардың әскери өмірге қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың тәртіпке, ұйымшылдыққа және жауапкершілікке бейімделуіне ықпал етті.

Алматыда әскери қызмет пен құқық қорғау органдарының жұмысын насихаттау мақсатында оқу орындарында офицерлермен, әскери ардагерлермен және «Ұлттық ұлан» қызметкерлерімен кездесулер жиі өткізілуде. Мұндай кездесулер барысында жастарға әскери оқу орындарына түсу тәртібі, әскери мамандықтардың артықшылықтары, әлеуметтік кепілдіктер мен мансаптық мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат беріледі.

2026 жылғы Отан қорғаушылар күні қарсаңында Алматыдағы «Офицерлер үйінде» әскери-патриоттық бағыттағы бірқатар кездесулер мен ашық есік күндері ұйымдастырылды. Іс-шара барысында әскери техника көрмелері, әскери оркестрдің концерттік бағдарламалары және сарбаздардың көрсетілімдері ұсынылды. Мұндай шаралар жастардың әскери қызметке деген оң көзқарасын қалыптастыруға үлкен әсер етуде.

Ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары бүгінде тек дәстүрлі форматпен шектелмейді. Алматыда TikTok, Instagram, YouTube платформаларында әскери бөлімдердің тыныс-тіршілігі, сарбаздардың жетістіктері мен әскери мамандықтардың артықшылықтары туралы қысқа бейнероликтер кеңінен таралуда. Бұл жастар аудиториясына тиімді әсер етіп, әскери қызметтің заманауи әрі беделді мамандық екенін көрсетуге мүмкіндік беруде.


Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар