27–29 мамырда Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.

(Сурет: rbc.ru сайтынан алынды)
Келіссөздер барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайтудың қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылайды.
28 мамырда Астанада Еуразиялық экономикалық одақ елдері көшбасшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум, ал 29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді.
Саммиттің негізгі тақырыптары сауда-экономикалық интеграция, логистика және бірлескен инфрақұрылымдық жобалар болады деп күтілуде.
Бұл Путиннің соңғы жылдардағы Қазақстанға жасаған алғашқы ауқымды сапары емес:
2023 жылғы қараша – Владимир Путиннің Қазақстанға ресми сапары. Сол кезде ол Астанаға келіп, Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге бейнебайланыс арқылы Қостанайда өткен XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатысты.
2024 жылғы шілде – Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Саммит аясында Қасым-Жомарт Тоқаевпен де келіссөздер жүргізілді.
2024 жылғы қараша – Қазақстанға мемлекеттік сапар және ҰҚШҰ саммитіне қатысу. Бұл сапар күшейтілген қауіпсіздік шараларымен, жойғыш ұшақтардың ұшуымен және Ресей президентін қарсы алған билбордтардың орнатылуымен ерекшеленді.
Mezgil.kz