Кеше мен бүгін: Жансүгіровтің Иран қызына «арнауы...»

Кешегі мен бүгінгіде Ілияс Жансүгіровті білмейтін қазақ жоқ десек артық айтпаған болар ек. Қазақ әдебиетінің құлагері, көркем сөздің хас шебері – Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінде Абай негізін салған көркем аударма ісін жиырмасыншы ғасырдың басында қолға алып, орыс және дүниежүзі классиктерінен біршама аудармалар жасаған.

1775464107446468.jpg

(Суреттер: e-history.kz, depositphotos.com)

Сондай аудармалардың бірі Иран әдебиетінің XX ғасырының басындағы ірі ақыны – Лахути Әбілқасымның (Ғасем) 1918 жылы жазылған «Иран қызына» дейтін өлеңі.

Осыдан 108 жыл бұрын жазылған бұл шығарма бүгінгі Аятолла режимінде өмір сүріп жатқан Иран әйелдерінің, қыздарының ғұмырын бейнелеп тұрғандай...

ИРАН ҚЫЗЫНА

Жыбырла жел, жыбырла,

Кетемісің Иранға?

Онда барсаң сыбырла

Иран қызы – Баһрамға:

«Таудан арман нұрлы, кең,

Болдым Өзбекстанда.

Еңбек еркін, адам тең,

Езгіндік жоқ һеш жанға.

Жатыр жасап жаңа өмір,

Өмір өзі-пыланда.

Қыз бетінен қарақап

Түсті ұқсаған зынданға.

Таңертеңгі күлген гүл

Шықты күнге, қалмастан

Паранжалы тұманда

Қуаныштың құйыны

Соқты ойнақтап сол күні,

Сондағы бір адамға

Қуанбаған жалғыз мен

Тиді ауыр жарама.

Түсті есіме сол Шығыс,

Сен сықылды сорлы қыз,

Тұтқын әлі Құранға.

Тұншықтым да төктім жас...

Ойлап сені тұрғанда!...»

Жел, жел, маған берші дем,

Жорық жырын жырларға

Тәжік қызы сілтер жөн

Ирандағы қыздарға.

Өзбек қызы болар дем

Азаттыққа шығарға.

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар