Цифрлы жүйе, заманауи технология: Қазақ әскері қашанда қырағы!

Қазақстанда жыл сайынғы әскерге шақырту маусымы басталуда. Енді отан алдындағы борышын өтеушілер SARBAZ+ жобасы аясында мерзімді әскери қызметке онлайн өтінім беру мүмкіндігіне ие болады. Бұл әскер саласын цифрландырудың бір көрінісі болып саналады.


ChatGPT Image 30 мар. 2026 г., 14_20_43.png

 (Сурет ЖИ арқылы жасалды)


Өтінім беру өте жеңіл әрі түсінікті. Кандидат сайтта тіркеліп, қажетті форманы толтырып, нұсқаулық бойынша алға жылжиды. Дәрігердің тексеруінен өту, әскери бөлімше қызметкерімен сұхбат құру әрекеттері іске асады. Бұл тек қана жоба емес, бұл қорғаныс саласына ауадай қажет мамандарды дайындау әрекеті де.

 

Заманауи қорғаныс саласына білікті, кәсіби мамандар қажет. Соның ішінде әскерилер спутниктік байланыс жүйесін, заманауи жаңа технологиялар мен барлау әдістерін, киберқауіпсіздік саласын, ЖИ элементтерін үйренеді. Ағылшын тілін де меңгеру қарастырылған. Қазіргі сәтте ақпарат пен технологияның басым бөлігі ағылшын тілінде. Сарбаздар мен әскерилердің ағылшын тілін меңгеруі кәсібилік деңгейін арттыруға сөзсіз септігін тигізеді.

 

Мемлекет қорғаныс саласын тартымды ету әрекеттерін жалғастыруда. Әскери бөлімшелер заманауи технологиямен жабдықталуда. Спортпен айналысу залдары, электронды мылтық ату бөлмелері, камералар, цифрлық қызмет көрсету жүйелері енгізілуде.

 

Қазақстанның билігі қорғаныс саласын күшейтуді басты басымдықтың бірі деп атауда. Әлемде геоясаси турбуленттілік күшейді, қақтығыстар артты. Посткеңестік кеңістікте Ресей мен Украина арасындағы соғыс бесінші жылға қадам басты. Ал Таяу Шығыста таяу арада аяқталуы екіталай соғыс жалғасып жатыр. Бұл мемлекеттік қауіпсіздікті күшейтуге деген сигнал. Қақтығыстардың жанама әсері болады. Босқындар легі, логистикалық қиындықтар. Сондай-ақ, лаңкестік ұйымдардың да белсенділігі әлем бойынша бір сәт азайған емес. Сарапшылар террорлық ұйымдар қауіпті экспорттап, аймақтық хаосқа ұмтылатынын айтуда. Осының барлығы қорғаныс саласын күшейтудің өзекті екенін көрсетуде. Қазақстан сол әрекетті іске асыруда. Әскерді күшейтіп, заманауи цифрлық жүйелерді енгізуде.


Mezgil.kz



Сәйкес тақырыптар