Қазақстандағы әлеуметтік қорғау жүйесі – халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі болып табылады. Соңғы жылдары бұл салада жүйелі өзгерістер жүзеге асырылып, мемлекеттік қолдау шараларының ауқымы кеңейіп, қаржыландыру көлемі айтарлықтай артты. Бұл үрдістер елдің әлеуметтік саясатқа басымдық беріп отырғанын айқын көрсетеді.

(Сурет ЖИ арқылы жасалды)
2025 жылғы деректерге сәйкес, Қазақстан халқының саны 20,2 миллионнан асты. Осы халықтың едәуір бөлігі мемлекет тарапынан әртүрлі әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар алады. Әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы 1 миллионнан астам азамат қамтылған. Мүгедектікке және асыраушысынан айырылуға байланысты мемлекеттік жәрдемақыларды жүздеген мың адам алады. Бұл көрсеткіштер әлеуметтік қорғау жүйесінің қоғамдағы рөлінің маңызды екенін көрсетеді.
Қазақстандағы кедейлік деңгейі салыстырмалы түрде төмен болғанымен, бұл мәселе әлі де өзекті. Соңғы мәліметтерге сәйкес, халықтың шамамен 5 пайызы күнкөріс деңгейінен төмен табыс табады. Бұл шамамен 1 миллионға жуық адам деген сөз. Дегенмен, жылдар бойынша салыстырғанда кедейлік деңгейінің тұрақтануы және белгілі бір деңгейде төмендеуі байқалады. Бұл мемлекеттің әлеуметтік саясатының белгілі бір дәрежеде тиімді екенін көрсетеді.
2025 жылы 1,3 млн-ға жуық азамат әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы төлем алған. Бұл әжептәуір көрсеткіш және кейбір Балтық елдерінің халқының санымен тең көрсеткіш саналады. 1,1 млн адамға 643,7 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер берілген. Бұл 1 млрд доллардан көп қаржы деген сөз.
Қазақстанда әлеуметтік қолдау бірнеше бағытта жүзеге асырылып келеді. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, әлеуметтік сақтандыру төлемдері, балалы отбасыларды қолдау, Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) және басқа. Осылайша Қазақстан өзінің әлеуметтік мемлекет деген статусын бекіте түсуде. Қазақстанда әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы жыл сайын өсіп келеді.
Қазақстан өз азаматтарын жан-жақты қолдауды арттыра бермек. Еліміз адам капиталын дамытуға, әлеуметтік қолдауды арттыруға басымдық беріп келеді. Осылайша Орталық Азиядағы «әлеуметтік мемлекет» статусын Қазақстан нық иемденуде.
Mezgil.kz