Референдум қорытындысы жарияланды: Жаңа Конституция қабылданды!

ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады.

1773729970522126.jpg

(Фото: Sputnik / Владислав Воднев.)

Соынмен ҚР ОРК мәліметінше: референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны – 12 миллион 482 мың 613 адамды құрады. 

Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 9 миллион 127 мың 192 адамды немесе 73,12 % құрады.

Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны – 7 миллион 954 мың 667 адам немесе 87,15%  құрады. Қарсы дауыс бергендер – 898 мың 099 адам (12,85%).

Жарамсыз деп танылған бюллетень — 146 558. Есепке алынбаған бюллетень саны — 127 868.

Осылайша, референдум нәтижесі бойынша Жаңа Конституция қабылданды.

Mezgil.kz


Сәйкес тақырыптар